Өскемендегі №23 мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды
14.12.2021 | 14.45
0
44
Тәуелсіздік күні қарсаңында Өскемендегі №23 мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш білім мекемесінде инклюзивті білім беру кабинетінің ашылуына «Дара» қоры демеушілік көрсеткен. Салтанатты шараға қала әкімі Жақсылық Омар қатысып, құттықтау лебізін білдірді.
– Жалпы инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу мәселесін қолға алғанымызға біраз уақыт болды. Қала мектептерінде жыл сайын бір жаңа кабинет ашып келеміз. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар қашан да қоғаммен және өз қатарластырмен бірге болуы тиіс. Сондықтан біз түзу жолда келе жатырмыз. Бұл да ел Тәуелсіздігінің отыз жылдағы бір жемісі болар, – деді шаһар басшысы.
№23 мектептегі инклюзивті білім беру кабинеті толық жабдықталған.
Балалардың сабақ оқуына да, демалуына да жағдай жасалып тұр. Қазір мұнда 32 бала білім алады. Ал педагогтар ерекше балалармен жұмыс істеу үшін арнайы курстардан өткен.
Комментарии (0)