Өскемендегі "биші-фонтан" қайта іске қосылды
18.05.2022 | 10.45
0
54
Облыстық драма театр алдындағы жарық-динамикалық музыкалық субұрқақ қайта іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен электрқозғалтқышты қалпына келтірілді, – деп түсіндірді театрдың баспасөз қызметі.
Енді субұрқақ күн сайын «өнер көрсетеді». 19.00-де қосылады, 22.00-де өшіріледі. Техникалық үзіліс – 20.30-дан 21.00-ге дейін.
– Ауа-райы қолайсыз болған кезде кестеде өзгерістер болуы мүмкін, – деп ескертті театрдағылар.
Комментарии (0)