Өскемендегі қоғамдық көліктерде сараланған тариф қашан енгізіледі?
17.05.2022 | 16.11
0
72
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қоғамдық көліктердегі сараланған тариф 15 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
— Тұрғындар көлік карталарын сатып алу үшін, oskemenbus қосымшасын және қазір жұмыс істеп тұрған төлем жүйелерін қарап шығуларына, карталарды толтырудың өздеріне ыңғайлы нүктелерін табуға уақыт болуы үшін сараланған тарифті енгізу тағы бір айға кейінге қалдырылды. 15 маусымнан бастап дифтариф көліктің барлық түрлерінде жұмыс істей бастайды, - деп түсіндірді облыс орталығының әкімдігінде.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте дифтариф қолданылған жағдайда қолма-қол ақшамен жол жүру құны ересектер үшін 130 теңге, ал балалар үшін 65 теңге болмақ. Жол ақысын көлік картасымен төлеген кезде ересектер 90 теңге, балалар 45 теңге төлейтін болады.
QR-кодтың көмегімен жол жүру ақысын төлеу кезінде баға балалар үшін де, ересектер үшін де 90 теңгені құрайды.
Комментарии (0)