Өскемендегі онкологиялық орталықта PACS жүйесі іске қосылды
17.11.2021 | 09.33
0
42
Кеше Өскемен қаласындағы онкологиялық орталықта цифрлық диагностикалық деректерді сақтауға арналған PACS жүйесі іске қосылды, деп хабсрлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді облыс тұрғындарына өздерімен бірге ренген және КТ нәтижелерін алып жүрудің қажеті жоқ. Оның барлығы автоматты түрде PACS бірыңғай жүйесінде тіркеліп отырады. Бұл медицина саласындағы өте маңызды қадам. Қалалық және аудандық ауруханалардағы кез келген дәрігер сараптамалық нәтижелерді бірыңғай жүйеге салып, науқасты емдеу мен диагностикалау бойынша нұсқаулық алу мақсатында кеңейтілген консилиумдар өткізу мүмкіндігіне ие болады.
- Біз жасанды интеллект көмегімен бірегей жүйенің Глубокое ауданынан келген баланың суретінде жеңіл дәрежелі пневмонияны қалай танығанын және әйелдің маммографиясында мұқият зерттеуді қажет ететін ошақтарды көргенін өз көзімізбен көрдік. Бұл жоғары технологиялық тәсіл, PACS жүйесі бүкіл әлемде қолданылады. Енді ескі сараптамаларды жаңасымен салыстыруға жоғары мүмкіндік беріліп, деректер ортақ жүйеге сақталатын болады. Сондай-ақ, емдеу динамикасын бақылауға мүмкіндік бар, - дейді аймақ басшысы.
Дәрігерлер жүйеге мобильді қосымша арқылы қол жеткізе алады. Қазірдің өзінде облыстағы 145 рентген аппараттарының 63-і PACS жүйесіне қосылған. Яғни, бұл 2700-ден астам науқас туралы кеңейтілген ақпарат деген сөз. Алдағы уақытта Цифрлық жабдықтары бар барлық ауруханалар жүйеге интеграцияланатын болады. Оның негізінде арнайы кеңес құрылып, оған пульмонологтар, фтизиатрлар, онкологтар, травматологтар және басқа да мамандар тартылады. Бұл шын мәнінде, заманауи жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытудағы үлкен қадам.
Комментарии (0)