Өскемендік ғалымдары су тасқынын болжайтын қосымша жасап шығарды
19.11.2021 | 17.02
0
27
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары «Су тасқынын болжайтын планшет» қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Су тасқынын болжайтын планшет» агрономдардың көмекші құрал болады.
– Агрономға арналған планшет» қосымшасы – үйде де, далада да жұмыс істеуге арналған әмбебап қосымша. Бұл ауылшаруашылық жұмыстарында портативті электрониканың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Алқаптардың картасыл, анықтамалықтар және басқа құжаттардың мұрағаттарда сақталуы мамандардың тез әр оңтайлы шешім қабылдауына септігін тигізеді. Қосымшада ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпарат пен егіс жұмыстарын одан әрі жоспарлау жөніндегі ұсыныстар да бар, – дейді техника ғылымының докторы Валентина Колпакова.
Ғалымның айтуынша, бұл технология арқылы агрономдар ауылшаруашылық алқаптарындағы жағдайды толық бақылап, қандай бір қауіп қатерді алдын ала біліп, тиімді экономикалық шешімдер қабылдай алады.
Аталған жоғары оқу орнының зерттеушілері планшетке қоса еліміздегі агрономдарға су тасқынын мониторингілеп, болжауға көмектесетін электронды ресурс әзірледі. Электронды жүйеде инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректері бар.
– Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туады. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын және маусымдық су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін кешенді ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу міндеті тұрды. Өзен гидравликасын және ықтимал су басу аймақтарын дәл модельдеу үшін біз MIKE бағдарламалық кешенін, сондай-ақ ArcGIS, QGIS, NextGIS заманауи геоақпараттық жүйелерін пайдаланамыз. Бұл төтенше жағдайды болжау сапасын жақсартуға жағдай жасайды. Нәтижесінде біз су тасқыны мен елді мекендерді су басудың алдын алу үшін қажетті толық ақпарат аламыз, – деді ғалым, PhD докторы Маржан Тоғызова.
Комментарии (0)