Өскемендік белгілі спортшы тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды
22.05.2022 | 17.03
0
70
5 маусымда елімізде маңызды саяси оқиға – ҚР Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтеді.
Осы орайда еспелі слаломнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Смирнова Өскемен тұрғындарын белсенділік танытуға және еліміздің болашағын айқындау мүмкіндігінен тыс қалмауға шақырды.
– Біз өте маңызды оқиғаның алдында тұрмыз. Мен сіздерді 5 маусымдағы референдумға қатысуға, дауыс беруге шақырамын. Өз келешегімізді айқындайтын тамаша мүмкіндік туды, енді соны пайдаланып, бірге жаңа Қазақстанды құрайық! – дейді Екатерина Смирнова.
Комментарии (0)