Өскемендік жас спортшылар Әлем чемпионатында топ жарды
29.11.2021 | 09.48
0
156
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан батут гимнастикасынан Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған өскемендік өрендер – Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сүйенсек, спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түсіп, қарсыластарын ойсырата жеңген.
Екінші орынды Франция иеленсе, қола медаль Беларусь өкілдеріне бұйырды.
Өскемендік қос спортшылар 4 жылдан бері синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Комментарии (0)