Өскеменге Алтайдан жәрмеңке келеді
20.01.2021 | 15.34
0
272
Сенбі күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жолы облыс орталығына Алтай ауданынан арзан азық-түлік жеткізіледі. Сатылымда ет, көкөніс, сүт өнімдері, өсімдік майы, ара балы және тағы басқа да өнімдер болады.
Жәрмеңкенің өтетін орны – әдеттегідей Фрешмаркет сауда орталығының алаңы. Тек бұрынғыдай сағат тоғызда емес, 8.00-де басталып кетеді.
Комментарии (0)