Өскеменнің екі ауданында жарылыс болады
18.08.2021 | 12.00
0
58
Жаңа Ахмер және Аблакет аудандарында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы ақпарат таратты.
– Сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін «Аблакетское» кен орнында жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге жауаптылар – «Пром-Альянс» ЖШС. Сондай-ақ сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін «Kaz Explo Service» ЖШС «Жаңа Ахмер-2» құрылыс учаскесінде жарылыс жұмыстарын жүргізеді, – деп жазылған хабарламада.
Комментарии (0)