Өскеменнің әлеуметтік қолдау саласындағы бірегей жобалары
30.11.2021 | 11.18
0
49
Мысалы, Өскеменде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірді төмендетілген бағамен сатылады. Мұндай көмектің түрі тек біздің қалада ғана бар.
2019 жылы көпбалалы отбасыларды қолдау жобасын іске асыру басталды. Қалалық спорт және мәдени нысандарға тегін бару және қызметтер мен тауарларға жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін "Шаңырақ" карталары әзірленді.
Қазір көпбалалы отбасылар қаланың екі супермаркетінде, сондай-ақ, дүкендерде, шет тілдерін оқыту орталықтарында, диагностикалық зертханаларда, кафе мен отбасылық мейрамхана желісінде, ойын-сауық мекемелерінде тауарларды сатып алуға жеңілдіктер алып, 20-дан астам кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін пайдаланып жүр. Жыл сайын бұл бастамаға қатысатын кәсіпкерлердің саны да артып келеді.
Комментарии (0)