Өскеменнің түзеу мекемесіндегі тәрбиелік жұмыстар
21.01.2022 | 12.35
0
34
Өскемендегі ОВ156/1 түзеу мекемесінде тәрбиелік жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Кеше сотталушы Т. Тетерина (аты-жөні өзгертілді) әңгіме жүзінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол қазіргі уақытта кінәсін толық түсініп, өзгелерге өзінің қателігін қайталамауды айтып отыр.
Ол бухгалтерлік қызмет көрсетіп жүріп от басқан. Айтуынша, консалдингті компанияның директоры әрі аудиторы болып жұмыс істеген. Отыз шақты кәсіпорынмен келісімшартқа отырып жұмыс істескен.
– Бес кәсіпорынға қылмыстық іс қозғалғанда, үшеуі менің компанияммен келісімшартта болған еді. Олардың кіріс құжаттарында кінәрат бар-тұғын. Оны білдім. Бірақ, көңіл қимастықпен көмектестім. Сөйтіп, қылмысқа қатысым бар тұлға ретінде ҚР ҚК-нің 262 бабы, 2 бөлімімен сот үкімі 5 жылға жаза кесті. Бір жылымды өтедім. Әріптестеріме айтарым, туғаның сұрап тұрса да заңнан аттап, жасанды құжатқа қол қоюдың қажеті жоқ, – дейді сотталушы Т.Тетерина.
Сотталушы азаматша өткенге өкініш білдіргенімен, заң кешірмейді. Қазіргі таңда ол темір тордағы уақытын тиімді өткізуге тырысып жүр. Әр түрлі кітаптар оқиды, иогамен айналысады. Сонымен қатар, түзеу мекемесінде шаруашылық жұмыстарын атқарып, жалақы алады. Дейтұрғанмен, бостандықтағы өмірдің әр сәті бағалы екенін әбден түсінген.
Комментарии (0)