Сметанинаға интернет жетті – Глубокое
04.12.2020 | 14.55
0
285
Глубокое ауданы Кожохов ауылдық округінде ондаған үйден тұратын Сметанино шағын ауылы бар. Елдегі шектеу шараларына байланысты онлайн оқу режиміне ауысу ауылдағы мектеп оқушыларына қиындықтар тудырған. Жуықта бұл мәселе шешімін тапты.
Облыстың шалғай өңірлерін интернет байланысымен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес Сметанино ауылының маңында интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін антенна орнатылды.
Енді ауыл тұрғындарына телекоммуникациялық қызметтерді жеткізушілермен келісім жасасу ғана қажет.
Комментарии (0)