Стационарларда науқастарға орын жоқ деген ақпарат жоққа шығарылды - ШҚО
08.10.2021 | 10.30
0
30
Әлеуметтік желілерде Өскемендегі стационарларда науқастарға орын жоқ деген ақпарат таралды. Видеодан жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері облыс орталығының тұрғындарына орын жоқ екенін түсіндіріп, ауруханаға жатқызудан бас тартқанын көруге болады. Бұл ақпаратты денсаулық басқармасын жоққа шығарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арнайы баспасөз конференциясында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков Шығыс Қазақстанда 3709 инфекциялық төсек орын орналастырылғанын, ауруханаларда 720 адам емделіп жатқанын айтты. Облыс бойынша төсек қоры 19 пайызға ғана жүктелген. Өскемендегі стационарларға 1240 адамды орналастыру мүмкіндігі бар, ал қазіргі уақытта 464 тұрғын ғана ауруханаға жатқызылған екен. Облыс орталығының төсек қорының жүктемесі 37,4 пайызды құрайды.
Ал әлеуметтік желілерде тараған видеода Өскемен қаласының ауруханасына Зайсаннан келген науқас туралы айтылған. Бейнематериалда дәрігерлердің оны ауруханаға жатқызудан бас тартқаны көрсетілген. Басқарма басшысының айтуынша, клиникалық хаттамаларға сәйкес науқасты ауруханаға жатқызу көрсеткіштерінің болмаған.
- Видеода мәселе толық көрсетілмеген. Тек үзінділері ғана алынған. Біздің стационарларымызда жеткілікті, коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры қамтамасыз етілген. Диагностика жасау және емдеу хаттамасында белгілі бір ерекшеліктер бар. Оларға сәйкес, кейбір пациенттерді үй жағдайында, кейбір науқастарды стационар жағдайында емдеу қажет. Егер сізде дене қызуы немесе басқа да белгілер пайда болса, бірден ауруханаға барудың қажеті жоқ екенін түсіну керек. Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға қоңырау шалыңыз, учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Жағдайы нашарлаған жағдайда ол ауруханаға жатқызу мәселесін шешетін болады, – деп түсіндірді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов.
Сондай-ақ, ол пациентте медициналық мекемеге қандай да бір шағым пайда болса, оның құқықтары бұзылғанын, пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болатынын атап өтті. Бұдан басқа, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 8(7232) 701-131 бірыңғай анықтама телефоны жұмыс істейді. Шағымдармен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына да жүгінуге болады.
Комментарии (0)