Үстел теннисі орталығының сыртқы жұмыстары аяқталды – ШҚО
08.12.2021 | 14.36
0
35
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі үстел теннисі орталығының құрылыс барысын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Спорт нысаны аяқталуға жақын. Ғимараттың сыртқы жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі уақытта құрылысшылар жобаға сәйкес ішкі әрлеу жұмыстарына көшті.
- Біз дизайнерлермен және жаттықтырушылармен бірге киім ауыстыратын бөлмелерді, жаттығу залдарын, конференц-залды қайда және қалай дұрыс орналастыру керектігін тағы бір рет талқыладық. Олар жаттығулар мен түрлі жарыстар, кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізуге ыңғайлы әрі оңтайлы болу керек. Жалпы, мен бұл орталық өңірде ғана емес, елдегі ең үздік спорт нысандарының біріне айналатынына сенімдімін, - деді аймақ басшысы.
Комментарии (0)