Су айдындарында рейд жүргізілуде - ШҚО
01.11.2021 | 11.31
0
79
20 қазаннан 19 қарашаға дейін облыс аумағында "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 280-нен астам әкімшілік бұзушылық анықталып, браконьерлік күдігі бойынша төрт адам ұсталды.
Атап айтқанда, 20 қазанда Зайсан көлінің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ Алтай ауданы тұрғынының көлігінен заңсыз жолмен алынған балық табылған.
— Жалпы алғанда олардан 300 келіден астам балық, қайық, синтетикалық желі тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Комментарии (0)