Тәуелсіздік-30:Қазақстан ТМД елдері ішінде өзінің шекарасын шегендеп алған жалғыз мемлекет

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

Тәуелсіздік-30:Қазақстан ТМД елдері ішінде өзінің шекарасын шегендеп алған жалғыз мемлекет

0

411

Егемендік қолға тиген тұста, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әуелі Қытай Халық Республикасымен, сосын көршілес мемлекеттер - Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресеймен шекара мәселесін реттеуге кірісті. Ебін тауып, ымыра-уағдаластыққа қол жеткізді де. Еуропадағы, Таяу Шығыстағы соғыс атаулының бәрі шекараның қырсығынан шыққанын, сондай даудың бәрі насырға шапқанын тарихтан көріп отырмыз. Алысқа бармай, қырғыз-өзбек, өзбек-тәжік арасындағы келіспеушіліктің бәрі шекарасының бекітілмегенінен болып жатыр. Ресей-Украина арасындағы жанжалдың да негізі - шекара мәселесінің түгелдей шешілмеуінде емес пе?!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай дегені бар: «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық».

Егер тарихымызға үңілетін болсақ, ары бармай-ақ бергі Қазақ Хандығынан бастайтын болсақ, біздің мемлекеттің бүгінгідей өркениеттер таныған нақты сызылған шекарамыз болмапты. Хандықтың жер аумағы бір кеміп, бір кеңейіп тұрған заман еді. Бір кезеңдерде жоңғарлар жерімізге баса-көктей кіріп, Қазақ Хандығының едәуір бөлігін өздеріне қаратып алғаны да болды. Ресей патшалығының құрамына енген кезде, қазақтар өз жеріне толықтай иелік ете алмады. Жер аумағы патшалық әкімшіліктің ұйғарымымен бөліністерге бөлініп отырды. Оның үстіне 19 ғасырдың орта тұсына дейін оңтүстік аймақтар Хиуа және Қоқан хандықтарынан зәбір-жапа шекті. Қытай-кеңес шекаралары ұзақ жылдар бойы шиеленіс шебі боп келгені белгілі. 140 жыл бұрын Ресей мен Қытай арасындағы аймақтық бөлініс туралы келісім жасалған. Дегенмен оның өзі кикілжіңнің толастауына септігін тигізе алмады. Қытай мен КСРО-ның арасындағы шекара дауының әбден шегіне жеткен жері - Даман аралындағы 1969 жылғы қақтығыс. Онда жүздеген адам оққа ұшқан. Сондай қақтығыстардың бірі қазақ жерінде де орын алды. Дәл сол жылы Жалаңашкөлде кеңес және қытай әскерлерінің қанды ұрысы болғанын да ұмыта қойған жоқпыз. Семей аймағында Қытай әскері шекараны бұзып, біздің жерімізге кіріп кеткен еді. Осындай ауыр саяси қақтығыстар мен жер дауы Қазақстанға КСРО-дан мұраға қалды. Ол түйіннің бәрін тарқатуға тура келді.

Сондықтан да Н. Назарбаев тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында-ақ геосаяси жағдайымыздың өзіндік ерекшелігі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең алдымен саяси құралдарға, оның ішінде көкейге қонымды, сарабдал дипломатияға арқа сүйеуді талап ететінін нақты білді. Елбасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі қағидаттары елдің мемлекеттік және аумақтық тұтастығын бәрінен бұрын бейбітсүйгіш саясат, қалыптасқан шекаралардың мызғымастығын қорғау арқылы қамтамасыз ету болуға тиіс деп санады.

Тәуелсіздік жылдарында барлығы 14 мың шақырымға тарта шекара демилитациядан өтті. Ең ұзақ әрі ең қиын келіссөздер ҚХР-мен болғаны анық. Елбасы ҚХР басшылығымен бірнеше ауыр келіссөздер жүргізді.

Қазақстан-Қытай шекарасының барлық мәселелерінің халықаралық заңнама талаптарына сәйкес реттелуі - біздің дипломатиямыздың жарқын жетістігі. Қазақстан небәрі он жылдың ішінде Қытаймен территориялық мәселені толық реттестіре алды. Демаркацияланған шекараның жалпы ұзындығы 1783 километрді құрады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында басталып, әлемнің екі ірі ядролық державасын қарулы қақтығысқа жеткізген, оны былай қойғанда кәдімгі соғысқа жақындатуға дейін барған тартыс жаңа жағдайда толық шешілді. Шекара сызығын белгілеу жөніндегі жұмыс екі кезеңнен тұрды. Әуелде, 1994 жылы шекараның ұзына бойындағы сызықтың өтуі туралы келісімге қол қойылды. Талас тудыратын учаскелер ғана ол келісімнен сырт қалдырылды. Мұның өзі екі жақтың шетін мәселе бойынша келісуге әзірлігін қуаттаған үлкен қадам еді. 1998 жылы тағы бір келісімге қол қойылып, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселелері толығымен шешімін тапты.

 Сол кездегі президенттің жанында жұмыс сапарымен бірге жүрген ШҚО әкімі Даниал Ахметов шекаралық келіссөздерді былай деп еске алады:

   -Әлі есімде 99 жылы Назарбаев бастаған делегация Қытайға арнайы іс-сапармен бардық. Күн тәртібінде Қытаймен арадағы шекараны бекіту мәселесі тұрды. Жер уайымы бірінші кезектегі мәселе. Ол тұста мен шекараны заңдастыруға қатысты комиссияға жетекшілік ететінмін.


Жасырары жоқ, ұзаққа созылған қиын да күрделі келіссөз жүрді. Міне, сол кезде Назарбаевтың тұлғалық қасиетін толық деңгейде бағалай алдым.

Бұл келіссөздердің ақыр соңы екі тарапқа да тиімді келісіммен аяқталды. Әлбетте, қазір айтуға оңай.


Шекараға қатысты ақырғы шешім қабылданатын шешуші сәтте Қытай басшысы: “Біздің тарап Шекараны бекіту туралы келісімшартқа қол қояды. Бұл бірінші кезекте Назарбаевқа деген ықылас-ілтипатымыздың белгісі” деп мәлімдеді.

Мұның бәріне сол кездесуге қатысқан мына мен куәмін. Аса маңызды стратегиялық мәселені Назарбаевтың қайраткерлік қабілетінің арқасында асқындырмай, ушықтырмай шешіп қайттық.

Қазақстан КСРО шекпенінен шыққан елдердің арасында алғашқы болып делимитация туралы тарихи келісімшартқа қол қойды.


Қазақстан-Қытай шекарасын демаркациялау бойынша алты бірдей жұмыс тобының көп жылдардан бері жүргізген қажырлы еңбегінің арқасында 2002 жылы Бейжіңде сол кездегі  ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Сыртқы істер министрі Тан Цзясюан Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметінің Қазақстан-Қытай шекарасын демаркациялау туралы қаулыға қол қойды.

2001 жылы Қазақстан шекара демилитациясы туралы келісімді Түркіменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен жасады. Қазақстан мен Ресей бірлескен мемлекеттік шекараның делимитациялауды 2005 жылдың соңында аяқтады. Осылайша, әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын деп танылған Қазақстан-Ресей арасындағы 7,5 мың шақырымдық шекараны демилитациялау аяқталды.

Айта кету керек, Қазақстан ТМД елдері ішінде өзінің шекарасын шегендеп алған жалғыз мемлекет.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

22.04.21, 13:29

"Ң" әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

22.04.21, 12:01

Бір күнде 11 өрт шықты – ШҚО

22.04.21, 11:03

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

22.04.21, 10:22

Өскеменнің бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

22.04.21, 09:46

Өскемен мен Семей қаласының тұрғындарынан көп шағым түседі – Даниал Ахметов

22.04.21, 09:26

22 сәуірде ауа райы қандай болады?

22.04.21, 09:00

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 97 адам анықталды

21.04.21, 18:49

Ядролық медицина орталығы алғашқы науқастарды қабылдайды

21.04.21, 18:14

Аягөз ауданында 33 көше жөнделеді

21.04.21, 16:30

"Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады" деген ақпарат тарады

21.04.21, 16:30

ШҚО-да карнтиндік талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынуда

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

22.04.21, 13:29

"Ң" әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

22.04.21, 12:01

Бір күнде 11 өрт шықты – ШҚО

22.04.21, 11:03

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

22.04.21, 10:22

Өскеменнің бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

22.04.21, 09:46

Өскемен мен Семей қаласының тұрғындарынан көп шағым түседі – Даниал Ахметов

22.04.21, 09:26

22 сәуірде ауа райы қандай болады?

22.04.21, 09:00

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 97 адам анықталды

21.04.21, 18:49

Ядролық медицина орталығы алғашқы науқастарды қабылдайды

21.04.21, 18:14

Аягөз ауданында 33 көше жөнделеді

21.04.21, 16:30

"Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады" деген ақпарат тарады

21.04.21, 16:30

ШҚО-да карнтиндік талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынуда

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: