Тәуелсіздік – 30. Елбасы адамзаттың тыныштығын тілейді

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

Тәуелсіздік – 30. Елбасы адамзаттың тыныштығын тілейді

0

63

Әдетте бейбітшілік пен тыныштық ұғымдарының мән-маңызына назар аудармайтын кездеріміз болады. Тіпті, кейде оны ел ішіндегі берекенің сақталуымен ғана өл­шей­тініміз бар. Кәдімгі «қазаны бөлектің қайғысы бөлек» дей­тіндей. Алайда Елбасының ғұмыры мен саяси қызметін шолып шығар болсақ, оның ең басты арманы бейбітшілікті сақтау болғанын байқаймыз. Елдегі, аймақтағы һәм жа­һандағы тыныштықты мұрат тұтыпты. Бәлкім, содан да шығар Нұрсұлтан Назарбаев араздасқан жұрттардың ара­сында арағайын болуға да, шекіскендерді табыстыруға да жол іздеді, ел төрінен алаң ұсынды, аймақтағы, жаһандағы ты­ныштықтың сақталуы үшін барын салды. Ол Қазақстан ғана емес, дүниежүзінің ядролық қарудан бас тартуы жолында еңбек етіп келеді. Тұңғыш Президенттің «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесі сол сөзімізге дәлел.

2016 жылдың наурызында АҚШ астанасы Уашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит өткен-ді. Сол жиында «Әлем.ХХІ ғасыр» деп аталатын Елбасы манифесі жа­рияланған болатын. Өзгеше си­паттағы құжат-парадигма не­гізінде еліміздің БҰҰ жа­­­нын­дағы тұрақты өкілдігі сол кездегі БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға, ұйымға мүше барлық елге Тұ­рақты хат жолдап, үндеу тастаған-ды. Сөйтіп, Манифест БҰҰ Бас Ас­самблеясының және Қауіп­сіздік кеңесінің ресми құжаты ретінде тіркелді. Әрине, әлемдік ұйымның құжаты ретінде Елбасы мани­фесінің тіркелуі Қазақ­станның абыройын асқақтататын оқиға болғаны сөзсіз. Бірақ Ел­басы үшін ел абыройымен бірге жаһандық қауіпсіздік, бейбіт­шілік мәселесі өзекті бол­ғанға ұқсайды. Ел іші, төңірек, барша адамзаттың ортақ үйі Жер шары тыныш болмаса, мемлекет абы­ройынан келер-кетер ештеңе де жоқ. Содан да болса керек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің саяси қызметінде ұдайы алға тартып келе жатқан жолынан жаңылмай сол кезде де бей­біт­шілікті бірінші орынға қойды.

Негізі, манифест – баршаны бей­бітшілікке шақырған құжат. Елбасы әлемдік державалар же­текшілері мен мемлекет басшы­ларын тағы бір жаһандық соғыс қаупінен сақтандыра отырып, бейбітшілікті сақтау жолында не істелуі керек екенін егжей-тег­жейлі сипаттап береді. Н.Назар­баев ядролық қаруды таратпау туралы шартқа жауапкершілікпен қарап, оны дұрыс орындаудың маңызды екенін айта келе, ха­лықаралық қатынастарда жанжал­дасуға құмар позицияны ұстану пайда болғанын, терроризм қау­пінің артқанын атап өтеді. Жа­һандағы адамдардың қолында 1 миллиардтан астам атыс қаруы бар екенін де тілге тиек етеді. Технологияның дамуы әскери өнеркәсіпті тым жетілдіріп жібер­генін де алға тартады. «ХХІ ға­сырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңғал­дыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жа­тыр. Адамзат өз дамуының са­палы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төр­тінші өнеркәсіп төңкері­сінің табалдырығында тұр. Көп­теген қорқынышты аурулар­дың тамы­рына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде эко­но­миканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әс­кери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

Соғыс вирусы алдағы жасан­ды интеллект төңірегіндегі жаңа­лықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына те­реңдей еніп кеткен» деген еді Ел­басы. Одан соң жалпы жағ­дайды сипаттай келе, «ХХІ ға­сыр: соғыссыз әлем» атты кең ау­қым­ды бағдарлама қажет екенін ұсынады. Әрі нақты қадам­дарды атайды. Барлығы да соғыс­сыз әлем құру жолында жасалуы тиіс қадамдар.

Елбасы әлемдік державалар же­текшілері мен мемлекет басшы­ларын тағы бір жаһандық соғыс қаупінен сақтандыра отырып, бейбітшілікті сақтау жолында не істелуі керек екенін егжей-тег­жейлі сипаттап береді. Н.Назар­баев ядролық қаруды таратпау туралы шартқа жауапкершілікпен қарап, оны дұрыс орындаудың маңызды екенін айта келе, ха­лықаралық қатынастарда жанжал­дасуға құмар позицияны ұстану пайда болғанын, терроризм қау­пінің артқанын атап өтеді.

Әрине, манифесте айтылған детальдарды жеке-жеке талдауға болады, дегенмен аталған құ­­­жаттың қандай маңызы бар екенін атап өткен жөн. Елбасы айтқанда ХХІ ғасырда ірі көлемдегі соғыс бола қалса, оның зардабы ауыр болады. Манифест жария­­лан­ғаннан бергі жылдар ішінде-ақ технологиялық жетістіктердің соғыс тәсілдерін мүлдем өзгертіп жібергенін байқауға болады. Супер­державалар түгілі дамушы, қатардағы елдер де заманауи үл­гідегі қарулармен қаруланып жатыр. Пилотсыз ұшатын құрал­дардың ұрыс тағдырын шешетіні айқындала түсті. Былтыр Таулы Қарабақта болған соғысты экстре­мистер бақыламады дей аламыз ба? Сол соғыста жаңа технология қолдану террористердің де ондай құралдарға қол жеткізуге деген ұмтылысын арттырғаны анық. Тіпті, Йеменнен дрондар ұшы­рып, Сауд Арабиясындағы мұнай ұңғымаларын атқылаған қарулы топтар да болған. Одан бөлек, Суэц каналын биылғы наурызда көлденең жауып тастаған кеме оқиғасы да ойлануға мәжбүрлейді. Коронавирус пандемиясы да қауіп­сіздік мәселесінің тым нәзік екенін байқатады. Әлем елдері соғысқа қажет технологияны да­мытып жатқанда сол дүниеден үлес алып қалуды көздейтін топ­тар да қарап жатпауы мүмкін. Пан­демия адамзаттың ярдолық, химиялық қарулардан бөлек биологиялық қарудан да зор зардап шегуі мүмкін екенін көр­сетті. Тіпті, терроризмнің си­па­тын өзгертіп жіберуі де мүмкін. Яғни, қауіпті вирус жұқтырған бір қаскөй ел ішіне кіріп кетсе, жаңа індет жайылуы да ықтимал. Мұ­ның барлығы ХХІ ғасырдағы сын-қатерлер шеңберінің жылдам кеңейіп бара жатқанын көрсетеді. Ал Елбасы жағдайдың күрделеніп бара жатқынын әу баста-ақ бай­қады. Сөйтіп, әлемге сауын ай­тып, ұран тастады.

Негізі, манифестегі ойлармен кез келген сауатты адамның келісері сөзсіз. Әлемдік көшбасшы мемлекеттердің басшылары да мәселенің маңызды екенін біледі. Алайда мемлекеттер арасындағы бәсеке, пенде баласының тойым­сыздығы, өзгеге билік жүргізуге ұмтылатын болмысы адамзаттың суық ақылға жүгінуіне мүмкіндік бермей тұр. Әйтпесе, манифестегі бір ғана «өзіңді демилити­ри­зациялау» дейтін ойдың өзі сан­сыз игілікке бастар еді. Бір қызығы, манифесте айтылған бейбітшілікті сақтауға деген ұмты­лыстың қан­шалықты маңызды екенін кейде өзіміз де түсіне аламй қалатын тәріздіміз. Бүгінде ғылымдағы жаңалықтардың ішінен әскери техникаға қатысты дүние болса жұрт тамсана қарайды. Соңғы кездері саяси текетіреске барып жүрген мемлекеттердің әскери қуатын салыстырып, бірінің жеңіп, екіншісінің ыдырағанын қалайтындар, ксенофобияға бе­рілетіндер де кездесіп қалады. Алайда іс жүзінде әлемде ірі әс­кери жанжал бұрқ ете қалар болса, оның зардабы тым ауыр бола­тынын аңғара бермейміз. Айта­лық, ядролық қаруы бар елдер жанжалдасып қалар болса, олар­дың сол қаруды қолданбасына кепілдік жоқ. Одан арғысы белгілі. Демек, «өзіңді демилитири­за­циялау» деген ойдың астарында «санадағы соғыстан» құтылуға деген ұмтылыс жатқанға ұқсайды. Сана тазармай өмір түзелмесін көз көріп жүр. Демек, «әлем  ххі ға­сыр» манифесін санға төң­керіс жасайтын құжат қатарына қосуға болатын сияқты.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:31

Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасады

Бүгін, 16:07

Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану заңды ма?

Бүгін, 15:30

Семейде металл өңдейтін цех өртенді

Бүгін, 15:18

Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Бүгін, 14:32

Күршім ауданындағы өрт ауыздықталды

Бүгін, 14:09

Қазаққа қатты айтқан Абай сынын жаңғырта, жанайқаймен бүгін айтпасақ, ертең кеш болады

Бүгін, 12:03

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы қайта вакциналау мерзімін мәлімдеді

Бүгін, 11:04

Мешіттерде міндетті түрде кітапхана болуы тиіс – сұхбат

Бүгін, 10:42

Күршімдегі өрт әлі де ауыздықталмай тұр

Бүгін, 10:32

Өскеменде үш күн «жарылыс» болады

Бүгін, 09:11

"Жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ - эпидахуалды бағалау матрицасы

Бүгін, 09:02

- Бір тәулікте 220 адам коронавирус жұқтырды - ШҚО

09.08.21, 17:08

Семейде Абай күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілмек

09.08.21, 16:03

Өскеменде 18 жастағы жігіт төрт бірдей жаяу жүргіншіні қағып кеткен

09.08.21, 15:22

Қандай автокөліктер 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан шығарылуы керек?

09.08.21, 14:01

Полицияға пышақталғаны туралы жалған ақпарат берген өскемендік жазаланады

09.08.21, 12:24

Үлбі өзенінен әйел адамның денесі табылды

09.08.21, 11:37

Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін - ШҚО

09.08.21, 11:01

Экологтар қоқыс полигонында болған өртке қатысты тексеруді бастады - Өскемен

09.08.21, 10:25

Алакөлде гидроцикл қаққан ер адам қаза болды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 16:31

Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасады

Бүгін, 16:07

Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану заңды ма?

Бүгін, 15:30

Семейде металл өңдейтін цех өртенді

Бүгін, 15:18

Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Бүгін, 14:32

Күршім ауданындағы өрт ауыздықталды

Бүгін, 14:09

Қазаққа қатты айтқан Абай сынын жаңғырта, жанайқаймен бүгін айтпасақ, ертең кеш болады

Бүгін, 12:03

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы қайта вакциналау мерзімін мәлімдеді

Бүгін, 11:04

Мешіттерде міндетті түрде кітапхана болуы тиіс – сұхбат

Бүгін, 10:42

Күршімдегі өрт әлі де ауыздықталмай тұр

Бүгін, 10:32

Өскеменде үш күн «жарылыс» болады

Бүгін, 09:11

"Жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ - эпидахуалды бағалау матрицасы

Бүгін, 09:02

- Бір тәулікте 220 адам коронавирус жұқтырды - ШҚО

09.08.21, 17:08

Семейде Абай күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілмек

09.08.21, 16:03

Өскеменде 18 жастағы жігіт төрт бірдей жаяу жүргіншіні қағып кеткен

09.08.21, 15:22

Қандай автокөліктер 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан шығарылуы керек?

09.08.21, 14:01

Полицияға пышақталғаны туралы жалған ақпарат берген өскемендік жазаланады

09.08.21, 12:24

Үлбі өзенінен әйел адамның денесі табылды

09.08.21, 11:37

Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін - ШҚО

09.08.21, 11:01

Экологтар қоқыс полигонында болған өртке қатысты тексеруді бастады - Өскемен

09.08.21, 10:25

Алакөлде гидроцикл қаққан ер адам қаза болды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: