Тәуелсіздік-30. Теміржол торабы – ел экономикасының күретамыры

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

Тәуелсіздік-30. Теміржол торабы – ел экономикасының күретамыры

0

677

Қазақстан құрлық іші елдерінің арасында территориясы ең үлкен мемлекет болғанымен, мұхитқа шығатын мүм­кіндігіміз жоқ. Алайда осы мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Теңізге шығар жолы жоқ болғанымен, Қазақстанда екі алып мұхиттай көрші – Қытай мен Ресей бар» деген еді. Демек, бұл жаһандық сауданың екі белді өкілінің ортасындағы еліміз үшін көліктік-логистиканы дамытудың маңызы зор екенін айғақтайды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қолайлы геосаяси орнымыздың өзі – бізді өзге жұрттан ерекшелейтін бір артықшылық.

Әрине, Қазақстан теміржолы дегенде, өткен ғасырдың 30-жыл­дары жалпыхалықтық ұранға ай­налған Түрксібті айналып өте алмаймыз. Қазақ даласында ұлттық жұмысшы табының қалыптасу кө­шін аңызға айналған сол құ­­­­­ры­­­лыстың бастағаны ақиқат. Тарихи дерекке сүйенсек, 1930 жылдың 28 сәуірінде Айнабұлақ стансасында Түркістан – Сібір теміржолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйіскен-ді. Сол жылдың 1 мамы­­рынан бастап жол уақытша пай­­­далануға, ал 1931 жылдың 1 қаң­­­­­тарынан бастап тұрақты пай­далануға берілген болатын. Осы­­­лайша, тура 90 жыл бұрынғы ұлы құрылыс күні бүгінге дейін қазақ еліне қызмет етіп, аса маңызды көлік артериясына айналып отыр. Оған жұмыл­­­дырылған қарақұрым халық қарабайыр құрал-сайманмен-ақ «тауды бұзып, тасты жарып», 1,5 мың шақырымға жуық шойын жол құрылысын мерзімінен бір жыл бұрын салып біткен. Жалпы, Түрксібке дейін қазақ жерінде Локотьтан Семейге дейін, 1924 жылы Орынбор – Ташкент ма­гистралі кесіп өтетін оңтүстікте Арыстан Луговойға дейін, одан әрі Бішкекке өтетін үзік-үзік телімдер болмаса, тұтастай теміржол қаты­­насы болған жоқ. Бұл саладағы зор жетістікке тек тәуелсіздіктің ар­қасында қол жеткізіп отырмыз.

Үмітті ақтаған үш бағыт

Сонымен, 2016 жылы алғаш рет Қазақстанның көлік саласындағы физикалық көрсеткіш индексі 103,8% болды. Сол сәтте логистика тимділігі бойынша халықаралық рейтингте 88-орыннан 77-орынға көтеріліп, ТМД бойынша ең үздік елге айналдық. Онымен шектелмей, 2020 жылы рейтингтегі позиция бойынша 40-орын межесі көзделді.

Жалпы алғанда, тәуелсіздіктің алғашқы 25 жылында Қазақстан ТМД елдері арасында 2 500 ша­­­­қырым жаңа теміржол желісін салған жалғыз мемлекет болды. Осылайша, халықаралық көлік дә­­­лізін Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік және Транскаспий бағ­дарында (ТРАСЕКА) оңтай­­­­ландырып алдық.

2014 жылы салынған бір ғана Жезқазған – Бейнеу теміржол же­лісі Қытайдан Каспийге, одан әрі Түркияға, оңтүстік Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне бағыт­талған жүк пойыздарының жол үстіндегі қашықтығын 1 000 ша­­­қырымға дейін қысқартты. Ал 2015 жылы пайдалануға берілген ұзын­­­дығы 214 шақырым Арқалық – Шұбаркөл желісі Орталық Қа­зақстаннан солтүстік өңірлерге орта есеппен 550 шақырымға тасымалдау қашықтығын қысқартқан. Сондай-ақ «тар жерлерді» жою және өткізу қабілетін арттыру мақсатында 53 шақырым Шу – Алматы учаскесінде екінші жолдардың күзетілуі аяқ­талып, ол аталған учаске бойынша тасымалдау мерзімін 2 есеге қыс­қартты. Міне, енді содан бері инфрақұрылымды дамытуға салы­нып жатқан инвестициялардың арқасында Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді.

Бірінші бағыт – Шығыс – Батыс дәлізі. Бұл – Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скан­динавия еліне шығатын бірден-бір көлік дәлізі. Соның нәтижесінде 2011 жылы Қытай мен Еуропа ара­сындағы контейнерлік тасымал көлемі 15 контейнерлік пойызды құраса, 2016 жылы 1 100 кон­тей­нерлік пойыз шамасында болған. Ал 2017 жылы межелі 2 250 контей­нерлік пойыз жолға шықты. Сол кезде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның еншілес ұйымы KTZ Express АҚ президенті Диас Ысқақов жылдамдық пен тасымал қауіп­сіздігінің жоғары деңгейде қам­тамасыз етілуінің нәтижесінде бұл бағдарға жылдан-жылға сұра­­ныстың артып келе жатқанын, 2020 жылға қарай бұрын теңіз жолымен жүзеге асырылып келген шамамен 800 мың контейнерді қосымша тарту көзделіп отырғанын айтқан еді.

Екінші бағыт – Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізі. Бұл бағдар Қытай және Орталық Азия елдері, сондай-ақ Ресей мен Шығыс Еу­ропаның Қазақстан және Түрік­менстан арқылы Иранға, Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға шығу мүмкіндігін қарастырды. Осы орайда, Түрікменстан және Иран мемлекеттерімен бірлесіп, Өзен – Берекет – Горган теміржол желі­лерін салу бағытында трансұлттық инфрақұрылым жобасын табысты жүзеге асырдық. Бұл жоба тек сол үш елдің көлік ағынына ғана емес, Азия – Еуропа бағытындағы та­­­­сы­мал географиясына да оң ықпал етіп отыр.

Үшінші бағыт – Транскаспий бағыты – ТРАСЕКА. Ол – Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия ел­дерінен Түркия, Украина, Оң­­­түстік Еуропа бағыттарына жөнел­тілетін жүк дәлізі. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті Каспий теңізі ар­­­­қылы Стамбұлға 300 мың кон­тей­­нерге дейін жеткізу көзделген.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:45

ШҚО-да "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы өтуде

Бүгін, 17:12

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Бүгін, 16:14

Зайсан ауданында мал неге қынадай қырылып жатыр?

Бүгін, 15:03

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 8 жағдай анықталды

Бүгін, 14:13

ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандары Риддерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Бүгін, 13:25

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі

Бүгін, 13:04

ШҚО-да ЭКО жасатуға биыл 500 квота бөлінген

Бүгін, 12:22

Семейде Айт намазы оқылды

Бүгін, 11:38

ШҚО-да 1 адам коронавирустан қайтыс болды

Бүгін, 11:29

Өскеменде ұрланған автокөлік жол апатына ұшырады

Бүгін, 10:46

“Алматы – Өскемен” пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды

Бүгін, 09:13

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін, 08:58

ШҚО-да бір тәулікте 87 адам коронавирус жұқтырды

12.05.21, 19:40

Семейлік кәсіпкер Риддердегі өрттен зардап шеккендерге 10 миллион теңге бөлді

12.05.21, 18:37

«Өскемен жылу желілері» АҚ-на арналған вакцина

12.05.21, 18:10

Вакцина алған шетел азаматтарына ПТР-анықтама қажет пе?

12.05.21, 17:44

Қазақстаннан педагогтер мен дәрігерлер кетіп жатыр

12.05.21, 17:08

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік шаралары қатаңдатылмақ

12.05.21, 16:44

Риддерде өрт толықтай ауыздықталды

12.05.21, 16:40

Шығыста жаңбыр қатты жауады – Қазгидромет

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 17:45

ШҚО-да "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы өтуде

Бүгін, 17:12

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Бүгін, 16:14

Зайсан ауданында мал неге қынадай қырылып жатыр?

Бүгін, 15:03

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 8 жағдай анықталды

Бүгін, 14:13

ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандары Риддерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Бүгін, 13:25

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі

Бүгін, 13:04

ШҚО-да ЭКО жасатуға биыл 500 квота бөлінген

Бүгін, 12:22

Семейде Айт намазы оқылды

Бүгін, 11:38

ШҚО-да 1 адам коронавирустан қайтыс болды

Бүгін, 11:29

Өскеменде ұрланған автокөлік жол апатына ұшырады

Бүгін, 10:46

“Алматы – Өскемен” пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды

Бүгін, 09:13

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін, 08:58

ШҚО-да бір тәулікте 87 адам коронавирус жұқтырды

12.05.21, 19:40

Семейлік кәсіпкер Риддердегі өрттен зардап шеккендерге 10 миллион теңге бөлді

12.05.21, 18:37

«Өскемен жылу желілері» АҚ-на арналған вакцина

12.05.21, 18:10

Вакцина алған шетел азаматтарына ПТР-анықтама қажет пе?

12.05.21, 17:44

Қазақстаннан педагогтер мен дәрігерлер кетіп жатыр

12.05.21, 17:08

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік шаралары қатаңдатылмақ

12.05.21, 16:44

Риддерде өрт толықтай ауыздықталды

12.05.21, 16:40

Шығыста жаңбыр қатты жауады – Қазгидромет

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: