Тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген - ШҚО
17.12.2021 | 14.17
0
23
16 желтоқсан күні Семей қаласындағы Перинаталдық орталығында, Өскемендегі Ана мен бала орталығында, Аягөз, Зайсан, Алтай қалаларының және Бородулиха және Көкпекті аудандық ауруханаларында 50 сәби дүние есігін ашқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.
- Мен сәбиіміздің айтулы мереке күні дүниеге келгеніне өте қуаныштымын. Бұл мереке біз үшін әрқашан ерекше болатын. Енді отбасымызда қос бірдей мереке қатар тойланатын болды. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын және ашық аспан тілеймін, - деді жас аналардың бірі.
Айта кету керек, облыста жыл сайын босанатын әйелдер үшін жағдай жақсарып келеді. Жыл басынан бері облыс бойынша 22 000-ға жуық бала дүниеге келген.
Комментарии (0)