«Тәуелсіздік-тұғырым»: Риддерде байқау өтті
08.12.2021 | 11.51
0
178
Риддерлік оқушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» қалалық онлайн – мәнерлеп оқу байқауына қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқауды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Оқушылар үйі" КМҚК ұйымдастырып отыр. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Поэтикалық шығармаларды, прозадан үзінділерді мәнерлеп оқу бейнероликтері Оқушылар үйінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dom_shkolnikov_ridder ) орналастырылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін грамоталар алды.
Комментарии (0)