Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай отыз үйдің кілті берілді – ШҚО
19.12.2021 | 12.39
0
49
ШҚО-ның Катонқарағай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай отыз үйдің кілті табыстылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жаңа баспаналар аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында кезек бойынша беріліп отыр.
Аудан әкімі Ділдар Қалиқанның айтуынша,тәуелсіздік тарихында ауданда алғаш рет көп пәтерлі үй салынған екен. Тарихи сәт Тәуелсіздіктің мерей тойымен қатар келді.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Солоновка ауылында, орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Оған ауылдағы медициналық пункт, мектеп, тойхана және жетпістен астам жеке үйлер қосылған.
Комментарии (0)