Тұғыл емханасына шұғыл жөндеу қажет пе?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Тұғыл емханасына шұғыл жөндеу қажет пе?

0

31

Тұғыл. Тарбағатай ауданына қарасты бұл ауылды білмейтіндер кемде-кем. Жергілікті жұрттың басын ауыртып, балтырын сыздатқан мәселе көп бұл төңіректе. Ең бастысы – халықтың қалаға қарай үдере көшуі. Ал ішкі миграцияның қарқынды жүруі онсыз да ақсап тұрған өзге салаларға салқынын тигізіп жатыр.    
Аудан орталығынан шалғай жатқан Тұғыл ауылында бұрын 10 мың тұрғын болған. Ал қазір бар-жоғы 4352 адам. Тұғылдықтар адам санының күрт азаюына ауыл емханасының шағын амбулаторияға айналуы себеп болғанын айтады, өйткені ауруханада қазір небары үш маман қызмет істейді. Ал шұғыл ота қажет болған жағдайда көлікке мініп, аудан орталығына аттануға тура келеді. Жұрт осыған қапалы. Онсыз да індет жайлаған уақытта тәуліктік стационар да жұмыс істемейді екен. Тек күндізгі стационар бар. Сонда ауыл тұрғындары түнгі уақытта ауырып қалса қайтеді? Аудан мен қалаға сабыла ма?
– Бүгін ғана аудандық емханаға УЗИ жасау үшін барып келдім. Таксиге 2000 теңге төледім. Өйткені біздің Тұғылда қарапайым физиокабинет жоқ. Мүгедек балам болғандықтан айына 10 күн физио мен массаж алуымыз керек. Бір физиомассаж үшін аудан бізді жатқызбайды. Ал есептеңіз, бір адамға таксиге 2000 теңге төлейміз. Он күн бойы ауданға қатынауға мүгедектік үшін төленетін жәрдемақы да жетпейді. Жетпеген соң кейде тіпті ем ала алмай қаламыз. Өзім мүгедек баламды бағамын, оның күтімі бар, жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Қалаға жылына бір барамыз. Мен жалғыз емеспін, мен сияқты мұнда қанша ана бар, – дейді тұғылдық Жадыра Жүнісова.
Жалғызбасты ана баласының ем алуы үшін 60 шақырым жердегі Ақжар ауылына баруға мәжбүр. Өйткені ауылда маман жоқ. Ал қажетті маманды шақырту үшін ауылдағы халық саны белгілі бір мөлшерде болуы керек. Енді сонда 4 мыңнан аса халық шоғырланған елді мекеннің алдағы өмірі қалай болмақ? 
VIP палаталар бар. Ал маман ше?
Халық амбулаторияға айналған емханаларының бұрынғыша жұмыс істегенін, онда мамандардың болғанын, қара құлып салынған есіктердің ашылғанын қалайды. Ал бұл мүмкін бе? Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мәселе туралы аудан әкімдігі жауап берді.  
– Тұғыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігерінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда күндізгі стационарда 7 адамға, балаларға арналған бөлім және терапия бөлімі жұмыс істейді. Биыл халық саны 4352 адам болды. Сондықтан қосымша штат беру мәселесі шешілмейді. Тарбағатай аудандық №2 ауруханасының бас дәрігері басқарма алдында осы мәселелерді көтеретінін жеткізіп отыр, – дейді аудандық әкімдіктегілер.
Ал жергілікті биліктен тұшымды жауап ала алмаған халық әбден сарсаңға түскенін айтады. 
– Сонда халық аз қалды деп осылай істеуге бола ма? Қалғаны не болса, сол болсын дегендері ме сонда? – дейді тұрғын Жанна Құрманғалиева.
Тұғылдағы 4352 адамға сонда қанша дәрігер қызмет көрсетеді? Бұл сұрағымызға жауап алу үшін Тұғыл дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Жеңісгүл Смағзановаға хабарласқан едік
– Қазір біздің дәрігерлік амбулаторияда екі жалпы тәжірибелік дәрігер және бір балалар дәрігері жұмыс істейді. Халықтың сұрап отырғаны тіс дәрігері шығар. Бірақ бізде халық саны оған жетпейді, жыл сайын азайып жатыр, – дейді амбулатория меңгерушісі. 
Жылдар бойы көтеріліп келе жатқан маман тапшылығы адам саны өспей шешілмейтін сияқты. Ол ол ма, жуықта ғана әлеуметтік желіде амбулаториядағы ЭКГ-ға арналған кабинеттің суреті тарады. Суретке зер салсаңыз, кабинет қабырғасының сылағы қопарылып жатқанын байқауға болады. 
– Суретке мұқият қарасаңыздар, қарапайым орындықтар да бөлінбейді бізге. Гинекология кабинетіндегі әйелдерге арналған кресло ауыспағалы қай заман. Бірінші балама 2004 жылы жүкті болғанда тұратын. Дамыған заманда темір кресло болушы ма еді? Елу-алпыс жастағы аналарымызға қиын ғой, – дейді тұрғын Жадыра Жүнісова.  
 Бұл ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтауға тырыстық. 
– Әлеуметтік желіде тараған суреттегі палатада науқастар ем алмайды, себебі бізде барлық палаталар науқастарды қабылдауға дайын. Жөндеу жұмыстары жүргізілген. Стационарда VIP палата да бар. Ал әлеуметтік желіде тарап жүрген – төменгі қабаттағы ЭКГ-ға түсетін кабинет. Ол бөлмеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тарбағатай аудандық №2 ауруханасының бас дәрігері облыстық басқармадағыларға мәселені жеткіземін деп отыр, – дейді меңгеруші Жеңісгүл Сымағзанова. 
Айта кетейік, жағдайы аянышты кабинеттің есігі әзірге жабық тұр. Меңгерушінің сөзіне сенсек, жөндеу жұмыстары жүргізілгенше ЭКГ басқа кабинетке ауыстырылған. Күндізгі стационар науқастарды қабылдауға толық дайын. 
Түйін: Тұғыл ауылының тұрғындарына мәселе шешілмейінше аудан орталығына қатынауға тура келеді. Алайда ауырып ем іздеген халық көшу жолын да іздейтінін естен шығармағанымыз абзал.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:21

Өскеменде аулаларды абаттандыру үшін миллиардқа жуық қаржы бөлінеді

Бүгін, 16:01

ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды

Бүгін, 15:09

Бағдарлама орнатып беремін деп смартфонын иемденіп алған - ШҚО

Бүгін, 14:37

Мапруза Утуленова: "Жалпыхалықтық референдум – ел өміріндегі оң өзгерістер"

Бүгін, 11:26

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша семинар өтті – Бесқарағай ауданы

Бүгін, 11:18

Г. Пуссеп: "Мемлекетті дамытуда қоғамның рөлін күшейеді"

Бүгін, 10:31

Семейде мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 10:21

Жарма ауданында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Бүгін, 10:11

Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады

Бүгін, 09:32

ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

Бүгін, 09:18

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы маусымда аяқталады - Өскемен

Бүгін, 09:08

ШҚО-да ауа райы қандай болады?

22.05.22, 17:03

Өскемендік белгілі спортшы тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды

22.05.22, 15:56

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты

22.05.22, 14:04

Маусымдық аллергия: мамандар кеңесі

22.05.22, 11:25

ШҚО-да қанша түлек ҰБТ тапсырады?

22.05.22, 09:22

Абай ауданында шағын футболдан жарыс өтті

21.05.22, 16:01

Бауыржан Ердембеков: "Демократияға – батыл қадам"

21.05.22, 15:39

Құтқарушылар шомылуға қауіпсіз жерлерді атады – ШҚО

21.05.22, 14:19

Асқар Нұрғазиев: "Саяси жүйені қалыптастыру қатысу маңызды"

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 17:21

Өскеменде аулаларды абаттандыру үшін миллиардқа жуық қаржы бөлінеді

Бүгін, 16:01

ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды

Бүгін, 15:09

Бағдарлама орнатып беремін деп смартфонын иемденіп алған - ШҚО

Бүгін, 14:37

Мапруза Утуленова: "Жалпыхалықтық референдум – ел өміріндегі оң өзгерістер"

Бүгін, 11:26

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша семинар өтті – Бесқарағай ауданы

Бүгін, 11:18

Г. Пуссеп: "Мемлекетті дамытуда қоғамның рөлін күшейеді"

Бүгін, 10:31

Семейде мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 10:21

Жарма ауданында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Бүгін, 10:11

Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады

Бүгін, 09:32

ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

Бүгін, 09:18

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы маусымда аяқталады - Өскемен

Бүгін, 09:08

ШҚО-да ауа райы қандай болады?

22.05.22, 17:03

Өскемендік белгілі спортшы тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды

22.05.22, 15:56

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты

22.05.22, 14:04

Маусымдық аллергия: мамандар кеңесі

22.05.22, 11:25

ШҚО-да қанша түлек ҰБТ тапсырады?

22.05.22, 09:22

Абай ауданында шағын футболдан жарыс өтті

21.05.22, 16:01

Бауыржан Ердембеков: "Демократияға – батыл қадам"

21.05.22, 15:39

Құтқарушылар шомылуға қауіпсіз жерлерді атады – ШҚО

21.05.22, 14:19

Асқар Нұрғазиев: "Саяси жүйені қалыптастыру қатысу маңызды"

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: