Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
17.05.2022 | 11.00
0
75
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында Конституциялық реформаны және Конституцияға енгізілетін түзетулер жөніндегі алдағы референдумды өңірлерде ілгерілету жөніндегі ақпараттық жұмыс пен талқылауды жалғастыру қажеттігіне депутаттардың назарын аударды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
«Сенаторлар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндіру үшін азаматтармен кездесуде құралдар мен алаңдардың бәрін пайдалануы тиіс. Депутаттар өткен аптада өңірлерге шығып, бірқатар кездесулер өткізді. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Негізгі Заңға енгізілген өзгерістер еліміздің әрбір азаматына қатысты. Сондықтан халықпен кездесулерде жүргізіліп жатқан реформалар мен Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер туралы қарапайым әрі түсінікті тілде айту, сондай-ақ бей-берекеттік пен бір сарындылыққа салынбай мазмұнды әрі ақпараттық кездесулер өткізу маңызды», деді Мәулен Әшімбаев.
Комментарии (0)