Тағы да №17 автобус. Бұл жолы өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)
25.01.2021 | 12.36
0
352
Өскемендегі №17 автобустан жүріп келе жатқан кезде өрт шықты. Осылай деп пікір білдірген видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Мұратхан Ахметбек есімді қала тұрғыны жариялады.
Жолаушының айтуынша, салонның іші қою түтінге толып кеткен. Абырой болғанда ішіндегілер қышқыл түтінге уланып қалмай, дер кезінде далаға шығып үлгерген.
- Сағат 10 шамасында біз отырған №17 бағыттағы автобустан өрт шықты деп, барлығымыз далаға ытқып шықтық. Өзі сирек жүретін автобус еді, енді міне, авариялық күйде, - деп пікір білдірді бейнежазба авторы
Ал бұл туралы Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар бойынша департаментке хабарласқанымызда мұндай ақпараттың келіп түспегенін айтты.
- Қозғалтқышындағы сымдардан ақау болып, содан түтін шықты, жүргізуші шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болған. Өрт болған жоқ, - дейді Vosca ЖШС Жолаушылар тасымалының диспечерлік қызметінде.
Комментарии (0)