Тарбағатайлық мұғалім 22 млн теңгеге мектеп сатып алды
26.08.2021 | 17.14
0
648
Тарбағатай ауданындағы Жетіарал ауылының мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аукционға қатысқан мұғалім ғимаратты бұзбай, керісінше қалыпқа келтірмек.
Жалпы бұл мектеп 1970 жылы кірпіштен қаланған. 2011 жылы ғимарат пайдалануға жарамсыз деп танылып, биыл қаңтарда бар болғаны 187 000 теңгеге сатылымға шығарылған.
Аукцион нәтижелері туралы хаттамадағы деректерге сүйенсек, 3489,6 шаршы метрлік екі қабатты мектеп ғимаратын «Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ сатылымға қойған. Аукционға төрт сатып алушы қатысқан.
Ғимараттың жаңа иесімен байланыса алмадық. Электрон аукцион нәтижелерінің хаттамасында көрсетілген телефон арқылы мынандай пікір алынды.
– Сатып алушы – Жетіарал ауылындағы жергілікті орта мектептің мұғалімі. Ғимаратты ешкім бұзбайды, керісінше, оның бір бөлігінде спорт алаңы ашылады.
Комментарии (0)