Тарханкада хоккей корты салынып жатыр
20.09.2021 | 09.38
0
52
Глубокое ауданы, Тарханка ауылында хоккей корты салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш кортты Тархан орта мектебіне демеушілік көмек көрсетіп жеке кәсіпкер Федор Сергеевич Цыбенко өз есебінен балаларға арнап салдырып жатқан көрінеді.
Ауылда егін жинау науқаны басталып кеткендіктен қазіргі уақытта жұмыс тоқтап тұр. Алайда, кәсіпкердің айтуынша, науқан аяқтала салысымен құрылыс жалғасып, осы жылы падалануға беріледі.
- Былтып көрші Топиха ауылында жеке кәсіпкер осындай корт салып берген болатын. Біздің ауыл балалары сол жаққа барып ойнап, тіпті екі ауыл арасында жарыс өткен еді. Енді осы жылдан бастап балалар өз ауылымызда ойнап, жаттыға алады, - дейді Тархан ауылдық әкім аппаратының бас маманы Рулан Адайханов.
Осы жылы құрылыс аяқталып, корт пайдалануға берілсе оқушылар арасында команда құрып, хоккей спортын қолға алу да жоспарланып отырған көрінеді.
Комментарии (0)