Теміржол - қауіптілігі жоғары аймақ
02.06.2022 | 18.44
0
98
Елімізде жыл сайын теміржол аймағында қайғылы оқиғалар орын алуда, мұның басты себебі адамдардың қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарауы. Сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен жүретін пойыз бірден тоқтай алмайды. Сол себепті теміржол бойында рұқсат етілмеген жолдардан өтуге қатаң тиым салынады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жылына елуден астам жазатайым оқиғалар тіркелген, жәбірленушілердің 20% құлаққаптармен жүргендіктен келеңсіз оқиғаларға ұшырайды. Айта кететін жәйт, қайғылы оқиғалар арасында суицидтік сипаттағы жағдайлар да жоқ емес.
Теміржол – бұл жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске сала отырып, мына қарапайым ережелерді есте сақтап, жақындарыңызбен де бөлісуді ұмытпаңыз:
– өмірді сақтау мақсатында ешқашан және ешқандай жағдайда: жолаушылар платформалары мен жылжымалы құрамның астына түспеңіз;
– жаяу жүргіншілер көпірлерді және тоннельдерді, төсемдерді пайдалануы керек;
– жақындап келе жатқан поездың немесе маневрлік локомотивтің жоқтығына көз жеткізу қажет;
– белгіленген орындарда теміржолдардан бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өту;
– балаларды вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар платформаларында, теміржолдардың жанында қараусыз қалдырмау;
– жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде құлаққаптар мен қалпақшаларды алыңыз, олар сізге келе жатқан пойызды байқауға кедергі келтіруі мүмкін.
– теміржол платформасында болған кезде оның шетіне жақындамаңыз, шектеу сызығының артында тұрыңыз.
Жазғы демалыс маусымы кезінде қайғылы статистика өсуде. Теміржол көлігі балалар және ересектер үшін қауіптің негізгі көзі болып табылғандықтан, жоғарыда айтылған ережелерді естен шығармаған дұрыс. Өздеріңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтауға бірге ат салысайық!
Бұқтырма станциясының басшысы О.Қабдуахитов
Комментарии (0)