Террористердің қолынан қаза тапқан ҰҚК офицері жерленді – ШҚО
13.01.2022 | 16.07
0
36
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде Алматыда террористердің қолынан қаза тапқан капитан Жандос Жағалбаевты жерленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жандос Жағалбаев ҰҚК Шекара академиясының аға офицері болған. Не бары 27 жаста. Оның тұңғыш перзенті екі айдан кейін дүние есігін ашады.
Офицердің мәйіті туған ауылына арнайы бортпен жеткізілді. Жандос Жағалбаевпен қоштасуға мыңдаған адам келді: ауылдастары, достары, туыстары және Үржар ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері.
ҰҚК Шекара академиясының ғимараты Алматыдағы Достық даңғылының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жандос қызметте болды. Ол өз ведомствосын қорғап, экстремистермен атыс кезінде қаза тапқан екен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жандос Жағалбаев қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Комментарии (0)