Тілге құрмет – Отанға деген құрмет

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тілге құрмет – Отанға деген құрмет

0

51


Бүгінгі таңда ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті «Лениногор» кеден бекетінің маманы Мария Кузьмина кеден қызметінде өз міндеттерін атқара жүріп, мемлекеттік тілді меңгерудегі қабілетін одан әрі арттыруда. Бұған айқын дәлел – қала, облыс көлемінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша өткізілген байқаулардағы Марияның бағындырған биік белестері жетерлік. Осы орайда, мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын тілге тиек етіп, әріптесіміз Мария Кузьминамен сұхбаттасқан едік.

--Мария Владимировна, қазақ тілін қалай үйрендіңіз?

-- Риддер қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, алғаш әліппемен танысқаннан бастап қазақ тілін үйренуге ден қойдым. Басында әрине, оңай болған жоқ. Себебі, отбасында ана тілімізде сөйлесетінбіз. Бірақ ең бастысы зор құлшыныс болса, кез-келген кедергіні бұзуға болады ғой. Сонымен, қатар оқитын қазақ сыныптағы балалармен достасып, олармен қазақ тілінде сөйлесіп, араласа бастадым. Тілдік орта пайда болғаннан кейін тілді меңгеруім де жеңілдей түсті.

-- Алтын ұя мектебіңізде білім алып жүргенде қазақ тілінен өткен сайыстарына қатыстыңыз ба?

-- Бастауыш сыныптарда алғаш қазақ тілі бойынша өткізілген пән олимпиадасына қатысып жүлделі орын алдым. Мектеп үшін де үлкен көрсеткіш болғандықтан, ұстаздар тарапынан да қолдау таптым. Қалалық тіл сайыстарында да мектеп намысын қорғап, биік белестерден көріндім. 2011 жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Риддер қаласы әкімі «Мемлекеттік тілді меңгергені және дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы мадақтама қағазымен марапаттады. 2001 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқуға түсіп, университет қабырғасында ұйымдастырылған тіл сайыстарына белсене араластым. Оқу барысында неміс, қытай тілдерін меңгердім, дегенмен қазақ тілінің көркемділігіне, байлығына ешбір тіл жетпейтініне көзім жетті.

-- Қазіргі уақытта кеден органдарында қызмет атқарып жүрсіз. Осы орайда мемлекеттік тілді білгеніңіз қызмет барысында өз септігін тигізе ме?

-- Мемлекеттік тілді жетік меңгерген әрбір қызметкер үшін өзіне жеңіл. Әрі өмірде және қызметте оның пайдасы зор. Құжат айналымы, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу - бүгінгі күн талабы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу межесі айқындалған. Осы орайда, өзін нағыз мемлекеттік қызметкер ретінде санайтын әрбір азамат қазақ тілін меңгеруі тиіс деп ойлаймын. Қызмет барысында азаматтар өтініштеріне жауап, түрлі кәсіпорындармен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Кеден қызметі – мемлекеттік орган. Оның оң имиджін қалыптастыратын біздер, кеден қызметкерлері. Сондықтан, Елбасы айқындаған маңызды мақсатқа жетуде, кеден намысын қорғауда мен де өз үлесімді қосқым келеді.

-- «Шынықсаң шымырланасың» қағидасын берік ұстанатыныңыз белгілі. Спортқа деген қызығушылығыңыз қашаннан басталды?

-- Волейболға 5-сыныптан бастап қатыстым. Сол уақытта біздің мектепке Кичаева Л.И. есімді бапкер келіп, волейбол секциясына топ жинай бастады. Бағымды осы спорт түрінен сынап көрейін деп мен де жазылдым. Кішкентай кезімнен-ақ белсенді бала болғандықтан, спортқа бейімділігімді жаттықтырушым байқаған болуы керек. Алғашқы жаттығуға келгеннен-ақ волейбол ойыны ұнады. Бапкер де менің осы спортқа деген бейімділігімнің бар екенін ескеріп, жаттығуларды жалықпай жалғастыруым керектігін айтты. Мектепте, университетте оқып жүргенімде волейболдан қол үзген жоқпын. Кейін түрлі жарыстарға қатысып, біздің команда жүлделі орындар алып жүрді. Жарыс нәтижелері бойынша мен «үздік ойыншы» ретінде бірнеше рет марапаттарға ие болдым.

-- Құқық қорғау органдарындағы әйелдің идеалды бейнесі қандай деп ойлайсыз?

-- Менің ойымша, арнайы атағы бар нәзік әйел үнемі қызметте ер азаматтармен тең дәрежеде иық тірестіре алуы тиіс. Сондықтан, біздер үнемі өз біліктілігімізді дәлелдеуіміз қажет. Әрине, әйел затына сай табиғи нәзіктік пен сұлулығымызды да айшықтағанымыз абзал. Биік өкше, белдемше, жеңіл макияж – біздің сенімді көмекшілеріміз. Қызмет барысындағы тиянақтылық, тәртіп және мейірімділік бір бойымызда ұштасып отырғаны игі. Ал отбасында, сөзсіз, ер адам көшбасшы болуы керек. Үйде мен үнемі маңызды мәселелерді шешуде жолдасыммен ақылдасамын.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген Қадыр атамыздың өлең жолдарын өмірлік темірқазық ретінде айқындаған әріптесіміздің осы бағыттағы ұстанымы әр мемлекеттік қызметкер үшін айқын үлгі екені анық.

Сұхбаттасқан Мақсат Акрамов

Мәлімет көзі Altaynews

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:53

Риддерде жоғалып кеткен зейнеткер табылды

Бүгін, 15:05

Еліміздің Олимпиада құрамасы Токиоға аттанды

Бүгін, 14:22

Зайсан қаласында жыл аяғына дейін 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Бүгін, 12:12

Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда

Бүгін, 11:03

ШҚО-да өрттен бүтіндей бір отбасы көз жұмды

Бүгін, 10:28

Қазақстанда ең бірінші болып азан шақырылатын мешіт

Бүгін, 10:19

Өскеменде бұзақылар жағалаудағы кітап сөресін талқандап кеткен

Бүгін, 09:52

Балалар үйінен қашып кеткен тәрбиеленушілер табылды - Ұлан ауданы

Бүгін, 09:03

ШҚО-да бір тәулікте 82 адам індет жұқтырған

Бүгін, 09:00

Шығыста табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады

16.07.21, 18:59

ШҚО-да Құрбан айт мерекесі қалай өтеді?

16.07.21, 18:33

«Медициналық инжиниринг» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы - ШҚТУ

16.07.21, 17:00

Әлеуметтік-экономикалық дамуға 21 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған – Зайсан ауданы

16.07.21, 16:55

Тұрғындардың 99%-ы жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізеді - ШҚО

16.07.21, 16:23

Семейде тағы да көліктер соқтығысты

16.07.21, 16:11

Әйгілі қалалардағы бағаны салыстырып көре аласыз

16.07.21, 15:25

Жылдам интернетпен жүз пайыз қамтылады – ШҚО

16.07.21, 15:23

Облыс әкімі Глубокое ауданындағы Жылу электр орталығында болды

16.07.21, 15:11

Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы шықты

16.07.21, 15:08

Кәсіпкерлерден артық төлем алып келген

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 16:53

Риддерде жоғалып кеткен зейнеткер табылды

Бүгін, 15:05

Еліміздің Олимпиада құрамасы Токиоға аттанды

Бүгін, 14:22

Зайсан қаласында жыл аяғына дейін 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Бүгін, 12:12

Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда

Бүгін, 11:03

ШҚО-да өрттен бүтіндей бір отбасы көз жұмды

Бүгін, 10:28

Қазақстанда ең бірінші болып азан шақырылатын мешіт

Бүгін, 10:19

Өскеменде бұзақылар жағалаудағы кітап сөресін талқандап кеткен

Бүгін, 09:52

Балалар үйінен қашып кеткен тәрбиеленушілер табылды - Ұлан ауданы

Бүгін, 09:03

ШҚО-да бір тәулікте 82 адам індет жұқтырған

Бүгін, 09:00

Шығыста табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады

16.07.21, 18:59

ШҚО-да Құрбан айт мерекесі қалай өтеді?

16.07.21, 18:33

«Медициналық инжиниринг» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы - ШҚТУ

16.07.21, 17:00

Әлеуметтік-экономикалық дамуға 21 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған – Зайсан ауданы

16.07.21, 16:55

Тұрғындардың 99%-ы жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізеді - ШҚО

16.07.21, 16:23

Семейде тағы да көліктер соқтығысты

16.07.21, 16:11

Әйгілі қалалардағы бағаны салыстырып көре аласыз

16.07.21, 15:25

Жылдам интернетпен жүз пайыз қамтылады – ШҚО

16.07.21, 15:23

Облыс әкімі Глубокое ауданындағы Жылу электр орталығында болды

16.07.21, 15:11

Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы шықты

16.07.21, 15:08

Кәсіпкерлерден артық төлем алып келген

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: