Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды
05.01.2022 | 10.39
0
19
Әлихан Смайылов Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаратын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ел Президенті елдің бірнеше қаласындағы наразылықтар аясында Үкіметтің отставкаға кетуі туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа уақытша жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақында Маңғыстау облысы мен Алматыда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Комментарии (0)