Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы
31.08.2021 | 19.30
0
66
"Қазгидромет" РМК синоптиктері қыркүйек айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айдың бас кезінде елдің солтүстік және орталық аймақтарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.
Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен батыс, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа-райының тұрақсыз сипаты байқалады. Алғашқы онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, екпіні 15-23 м/с жетеді.
Айдың бірінші онкүндігінде суық антициклонның әсерінен батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді. Керісінше, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп +13+20°С-тан +23+30°С-қа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +25+32°С-тан +28+37°С-қа дейін көтеріледі.
Айдың екінші жартысында ауа температурасы республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С — тан -5+10°с-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін; оңтүстігінде және батысында түнде +7+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +17+22°С-қа дейін төмендейді.
Консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.
Комментарии (0)