Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
26.02.2021 | 15.10
0
280
Қазгидромет мамандары 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде күн жылынады.
– Батыстан басқа өңірлерде күндіз сынап бағанаы нөлден жоғары болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады, – делінген хабарламада.
Комментарии (0)