Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйел адам құтқарылды - Өскемен
10.05.2022 | 16.54
0
20
Бүгін таңертең Өскемен қаласының тұрғыны өз-өзіне қол жқмсамақ болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көпірден секіргелі тұрғын әйелді өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері байқаған.
Оқиға орнында болған куәгерлер дереу полицияға хабарлап, Ертіс көпіріне құтқарушылар мен полицейлер келді.
- Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қызбен диалог жүргізіп, уақытта құтқарушылар арқанның көмегімен сақтандыруды созып, рация бойынша қайық шақырды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осы уақытта көпірде тұрған полиция оны ұстап алып, көпірдің шетінен сүйреп апарды. Қыз дәрігерлерге тапсырылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Комментарии (0)