Заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды - Күршім
18.01.2022 | 10.32
0
36
Желтоқсан айының соңында Күршім АПБ қызметкерлері «Марқакөл табиғи қорығы» РММ қызметкерлерімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақ - Марқакөл көлінде рейдтік іс-шаралар өткізкен болатын. Нәтижесінде заңсыз балық аулау фактісі анықталған.
Атап айтқанда, 45 жастағы аудан тұрғынының қорасын тексеру кезінде жалпы салмағы 127,15 килограмм «майқан» тұқымдас балығының 86 бірлігі табылып, тәркіленген.
Шығын сомасы 600 000 теңгеден асады.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)