Жөндеуге тастап кеткен көлікті рұқсатсыз мініп, жола апатына түсті - ШҚО
19.08.2021 | 15.19
0
99
ШҚО-да 16 тамыздан бастап “Автомобиль” жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Оның басты мақсаты - көлік ұрлығына қатысты қылмыстарыды ашуға бағытталған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері 8 қылмыстың бетін ашып үлгеріпті.
- Атап айтсақ, Алтай қаласының тұрығы өз көлігін жөндеуге тастап кеткен. Алайда, оны жөндеймін деп алып қалған жұмысшы көлікті рұқсатсыз теуіп, жол апатына түскен, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жағдайда күдіктілер қолға түскенімен де, келтірілген залалды өтеуден жалтаратын көрінеді.
- Кез келген тұрғын көлігін көлік жуу орындары мен шеберханаларда бейтаныс адамдарға көлік кілтін бермеу керектігін ескеру қажет. Сондай-ақ көлікті ашық қалтырмай, бейнебақылау орнатылған автотұраққа қоюға кеңес береміз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)