Жүру кестесі өзгеретін пойыздар
29.11.2021 | 17.09
0
60
12 желтоқсаннан бастап бірқатар жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпараты бойынша, кейбір пойыздардың жүру бағаты ұзартылса, бірқатарында қысқарады екен. Жүру жиілігі мен жүру кестесінде өзгерістер болады. Сонымен қатар, жаңа бағыт та енгізіледі.
Жүру жиілігі өзгереді:
№ 45/46 (673/674 орнына) "Павлодар – Шымкент" күн сайыннан күнараға;
№ 353/354 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Семей" күн сайыннан күнараға;
№ 613/614 "Орал – Құлсары" аптасына үш реттен күнараға;
№ 51/52 "Алматы-2 – Орал" күнарадан күн сайынға.
Кесте өзгерді:
№77/78 "Маңғыстау-Алматы-2" Маңғыстау станциясынан жөнелту уақыты 22.05-тің (астана уақыты бойынша) орнына 09.05 болды.
Жаңа бағыт енгізіледі:
№111/112 "Алматы-2-Маңғыстау", Тальго вагондарымен қалыптастырылған, күнара қатынайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.
Комментарии (0)