Жаңа Бұқтырма кентінде баспана кілттері табысталды - Алтай
16.12.2021 | 19.01
0
52
Тәуелсіздік күні мерекесінде Алтай ауданының екі тұрғыны көптен күткен сыйлықтарын алды. Жаңа Бұқтырма кентіндегі тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді.
Салтанатты рәсімге жиналған қауымды Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың атынан оның орынбасары Жанна Асқарова құттықтады.
-Баршаңызды еліміздің ұлы мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігінің және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сындарлы саясатының жемісі. Бүгін біз тағы бірнеше жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, пәтер иелерімен қуанышымызды бөлісеміз. Сіздің үйлеріңіз бақ – береке мен мол ырыс – дәулетке толы бослын! - деді Жанна Асқарова.
Аудан әкімдігінде хабарлағандай, тұрғын үйдің жаңа иелері - "№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Әсел Нұрғазиева және тұрғын үйге мүгедек ретінде әрі төрт бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасының өкілі ретінде кезекте тұрған Алексей Фролов.
Комментарии (0)