Жаңа жылға дейін кейбір азық-түлік бағалары көтеріледі - министрлік
04.11.2021 | 11.07
0
43
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Жаңа жылға қарай азық-түлік және басқа да тауарлар бағасы қалай болатынын айтты.
Мәжілісте ұлттық экономика министріне кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың Қытайдан импортталатын тауарлардың қымбаттауына қатысты алаңдаушылығы айтылды.
- Қытай шекарасымен байланысты мәселе біздің ведомствоға жатпайды. Бұл сауда және қаржы министрліктеріне қойылатын сұрақ. Бағаның өсуіне қатысты айтар болсам: маусымдық құбылу бар, желтоқсанда әдетте бәрі жаңа жылға дайындалады. Сол себепті белгілі бір азық-түлік өнімдері қымбаттайды, - деп жауап берді Ерғалиев.
Бұдан бөлек, Ерғалиев қазір үкімет экономикадағы инфляциялық процестерді тежеу үшін шаралар кешенін қабылдағанын айтты. Министр әр өңірмен бағаны мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып сендірді.
Комментарии (0)