Жалған ақша пайдаланған әйелге қатысты шешім шығарылды - Өскемен
05.03.2021 | 11.00
0
280
№2 сот жалған банкноттарды сақтады деп айыпталған әйелге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен 2020 жылғын қазан айында белгісіз әйел Семей-Өскемен бағыты бойынша автобусқа мініп, жол ақысы ретінде жалған ақша төлеген. Кейін ол өзінде 2000 теңгелік төрт жалған банкноттарды сақтағаны белгілі болды.
Басты сот талқылауы барысында күдікті мен прокурор арасында процестік келісім жалған. Яғни айыпталушы прокурорға екі жыл алты ай шартты түрде бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындау туралы өтініш жасады.
- Сот айыпталушының орташа ауыр қылмыс жасағанын, жасаған ісіне өкінетінін және асырауда баласы бар екенін ескере отырып жазаның түрі мен мерзіміне келісті, - дейді ШҚО №2 соттың баспасөз қызметі.
Комментарии (0)