Жаңа заң оралмандар мәселесін толық шеше алмай отыр

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңа заң оралмандар мәселесін толық шеше алмай отыр

0

69

Қазақстан Республикасының 2007 жылы бекітіліп, бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы оралмандар мәселесін заман талабына сай, толық шешуге қауқарсыз екендігі көп уақыттан бері айтыла-айтыла жауыр болып, нәтижесінде өткен жылдың маусым айында Парламент жаңа заңды қабылдағаны белгілі.

Қандастарымыз жаңа заңнан жағымды өзгерістер күткен еді. Өкініштісі, осы заңнан кейін атажұртым деп келген ағайындар жаңа мүмкіндіктерге ие болудың орнына, бұрынғысына зар болып, тығырыққа тіреліп қалды. Алды өткен жылдың наурыз айында оралман мәртебесін алып, ықтиярхатқа құжат тапсырған ағайындар қазір не Қазақстан азаматтығын, не квоталық жәрдемақысын ала алмай сандалып жүр.
Бұған себеп: жаңа заңда шеттен келген ағайындардың бұрынғы тұрған елінің азаматтығынан шығу мәселесін реттейтін баптың жоқтығы. Жаңа заң қабылданғанға дейін шеттен келген ағайындарымыз Қазақстан азаматтығын қабылдауға құжат тапсырған кезде бұрынғы тұрған елінің мемлекет басшысына сол елдің азаматтығынан бас тартқаны жөнінде нотариуспен расталған өтінішін Қазақстан азаматтығын қабылдауға өткізетін құжаттарға тіркеп келген еді. Бұл өтінішті Көші-қон комитеті (бұрынғы атауы) сол елдің Қазақстандағы елшілігіне тапсыратын. Жаңа заңда ондай баптың болмауына байланысты енді Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің көші-қон саласындағылардың өзі абдырап қалды. Олар өздерінше тәртіп белгілеп, оралмандарды «бұрынғы тұрған елдеріңнің азаматтығынан бас тартқандарың жөніндегі өтініштеріңді сол елдің Қазақстандағы елшілігіне тапсырғандарың туралы анықтама әкеліңдер, біз Моңғолияның, Қытайдың еліміздегі елшілігімен келістік» деп алдарқатты.
Ағайындар ендігі жерде бұрынғы тұрған елдерінің Қазақстандағы елшілігін сағалауда. Бірақ Қазақстандағы Қытай мен Моңғолия елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен мұндай келісімге келмегендерін айтып, анықтама беруден бас тартты.
Басқа облыстарды қайдам, Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп келіп, Қазақстан азаматтығына құжат тапсыра алмай жүрген бір топ отбасы Сыртқы істер министрлігінің облысымыздағы консулы Совет Иманғалиевтің көмегімен министрліктің консулдық депар-таментінің бастығы Рысқали Дәуренбек мыр-заға өтініштерін жолдаған. Алайда, бұдан да нәтиже шыққан жоқ. Сылтауы таусылған облыстық ішкі істер басқармасының көші-қонға жауапты басшылары оралмандарды «Бұл мәселеге байланысты жаңа шешім 2012 жылдың басында шығатын болды» деп алдарқатқан еді. Дегенмен, жыл басталғалы да екі жарым айдай уақыт өтіп кетсе де, мәселенің шешілетін сыңайы жоқ.
Сөйтіп, «Қазақстанның азаматтығын қабыл-дап, қызмет істеу құқына ие болсам, квоталық жәрдемақыға тиесілі аз-маз ақшаға тапқан-таянғанымды қосып, баспана алсам» деген оралман ағайындар бүгінде шынымен-ақ абдыраулы. Олардың қай-қайсысына кезіксеңіз де, тұрмыстарының қиындап кеткенін айтады. Ол ол ма, бұл ағайындардың біразының жаңа заң бойынша бір жылға берілген оралмандық мәртебесінің уақыты да бітуге таяу. Ал заң бойынша оралмандық мәртебенің уақыты бір жылдан артыққа ұзартылмайды. Олар оралмандық мәртебелерінің уақыты бітсе, квоталық жәрдемақы алмақ түгілі, азаматтыққа зар болып қалмақ.
Оралмандардың осындай қиыншылық-тарына басы қатып жүрген құзырлы органдар бар ма екен,сірә...

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 12:48

Өскемендегі вакцинация пункттері демалыс күндері де жұмыс істейді

Бүгін, 12:41

Семейде жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі көпір астынан табылды

Бүгін, 10:36

Қазақстан мен Финляндия экология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Бүгін, 10:24

ШҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 52 бала жарақат алған

Бүгін, 09:08

Бүгін 15 мамыр - халықаралық отбасы күні

14.05.21, 17:34

ШҚО-да төрт жасар бала жоғалып кетті

14.05.21, 17:28

Өскеменде 137 кәсіпорын ASHYQ жобасымен жұмыс істеп тұр

14.05.21, 16:29

Су шығарамыз деп шу шығарды - Күршім (ВИДЕО)

14.05.21, 16:16

Жапониялық дәрігерлер Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

14.05.21, 15:44

ХҚО мамандары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарудың тәсілін көрсетті - ШҚО

14.05.21, 14:39

Аудан әкімі: "Аягөз өзенінің бүгінгі жайы өте нашар"

14.05.21, 14:36

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 кинотуынды жарық көреді

14.05.21, 14:23

Коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

14.05.21, 13:31

Есірткі шегіп көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды - ШҚО

14.05.21, 12:09

"Нұрлы жер": Катонқарағайда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

14.05.21, 11:49

Өскемендегі сауда орталықтарының бірін түтін басып кетті

14.05.21, 10:54

19-шы шағын ауданда жарық өшіп қалды – Өскемен

14.05.21, 10:02

Семейде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған

14.05.21, 09:28

Шығыста бұршақ жаууы ықтимал – Қазгидромет

14.05.21, 09:10

ШҚО-да бір тәулікте 102 адам індет жұқтырған

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 12:48

Өскемендегі вакцинация пункттері демалыс күндері де жұмыс істейді

Бүгін, 12:41

Семейде жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі көпір астынан табылды

Бүгін, 10:36

Қазақстан мен Финляндия экология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Бүгін, 10:24

ШҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 52 бала жарақат алған

Бүгін, 09:08

Бүгін 15 мамыр - халықаралық отбасы күні

14.05.21, 17:34

ШҚО-да төрт жасар бала жоғалып кетті

14.05.21, 17:28

Өскеменде 137 кәсіпорын ASHYQ жобасымен жұмыс істеп тұр

14.05.21, 16:29

Су шығарамыз деп шу шығарды - Күршім (ВИДЕО)

14.05.21, 16:16

Жапониялық дәрігерлер Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

14.05.21, 15:44

ХҚО мамандары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарудың тәсілін көрсетті - ШҚО

14.05.21, 14:39

Аудан әкімі: "Аягөз өзенінің бүгінгі жайы өте нашар"

14.05.21, 14:36

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 кинотуынды жарық көреді

14.05.21, 14:23

Коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

14.05.21, 13:31

Есірткі шегіп көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды - ШҚО

14.05.21, 12:09

"Нұрлы жер": Катонқарағайда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

14.05.21, 11:49

Өскемендегі сауда орталықтарының бірін түтін басып кетті

14.05.21, 10:54

19-шы шағын ауданда жарық өшіп қалды – Өскемен

14.05.21, 10:02

Семейде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған

14.05.21, 09:28

Шығыста бұршақ жаууы ықтимал – Қазгидромет

14.05.21, 09:10

ШҚО-да бір тәулікте 102 адам індет жұқтырған

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: