Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік оқиғасына қатысқан 37 айыпталушыға байланысты бүгін теңертең өтуі тиіс болған сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды.
Судья Аралбай Нағашыбаевтың мәлімдеуінше, сот процессіне шақырылған "ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау" қолхатымен жүрген кәмілетке толмаған айыпталушы Мұқашев Нұрсұлтан мен оның заңды өкілі бүгінгі сот мәжілісіне келмеуіне байланысты, сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды.
Айта кетейік, сот отырысына қатысуға айыпталушылардың ата-аналары мен туыстары, республикалық және шетелдік БАҚ өкілдері, партия ұйымдары жиналған болатын.
Комментарии (0)