Жас мамандар баспанамен қамтылып жатыр – ШҚО
11.08.2021 | 09.14
0
78
«Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасы аясында жас мамандар жұмыспен және баспанамен қамтылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көкпекті ауданына соңғы уақытта мұғалім мен дәрігер маман тапшы болды. Бұл туралы өткен сайлау науқаны кезінде тұғындар «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына барып, ұсыныс-тілектерін жеткізген еді.
Сайлау алдындағы науқан кезінде тұрғындардың өтініштері ескеріліп Көкпекті аудандық «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлау бағдарламасына енгізіліп бекітілген.
– Аудандық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының индикаторына сәйкес жыл сайын 20 жас маманды көтерме жәрдемақымен және тұрғын үйді сатып алуға берілетін несиемен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдардан қажет қаржы бөлінді. Бұл мәселені шешуге аудандық мәслихат депутаттары – «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшелері белсенді қатысты. Мәселені мұқият зерделеп және аудандық бюджеттің барлық мүмкіндіктерін қарастырып, Жол картасының осы индикаторының жүзеге асырылуына барынша басымдық берілді – дейді «Nur Otan» партиясының Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Албысбекқызы.
Биыл аудан бойынша 58 жас маман жалпы сомасы 57 миллион теңге көтерме жәрдемақыға қол жеткізді. Оның 43 миллион 755 мың теңгесі ауданға келген 10 жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бөлінген.
Жәрдемақы алғандардың ішінде әр саланың мамандары бар. Атап айтқанда білім беру саласы бойынша 26 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша 14 маман, 2 мәдениет қызметкері, 4 агроөнеркәсіптік саласының маманы, 1 спорт саласының қызметкері, 1 мемлекеттік қызметкер мемлекет тарапынан қолдауға ие болды.
Комментарии (0)