“Қазгидромет” РМК 13-15 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі.
- 13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын солтүстік-батыс циклон жырасы және онымен байланысты фронталды бөлімдер айқындайды. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, циклон республиканың барлық өңірін қамтиды, сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз – 7 жылу, болжанады, - дейді синоптиктер.
Комментарии (0)