Жаза өтеу тәртібін бұзған 80 сотталушы колонияға жіберілді – ШҚО
09.09.2021 | 16.06
0
69
ШҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзған 80 сотталушы анықталып, 75-і колонияға жіберілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, олардың барлығына шарттарды сақтамаған жағдайда жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жайлы ескерту жасалған. Десе де ешқандай нәтиже шығармағндықтан істері сотқа жіберілді.
- Қызметкерлер пробоция қызметінің есебінде тұрғандар арасыда құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатынқылмыстарға жол бермеу үшін тиісті жұмыстар атқарылған. Негізінен 80-ге жуық адам жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған. Олардың 75-і колонияға жіберілді. Қалған 5 сотталушының ісі сотта қаралуда, - дейді Үлбі ауданының бөлім бастығы Алмас Бұйратов.
Бүгінгі таңда Үлбі аудандық пробация қызметінде 300-ден астам есепте тұрған көрінеді.
Комментарии (0)