Жазадан қашып құтылмақ болған екі күдікті қолға түсті - ШҚО
18.05.2022 | 15.39
0
55
ШҚО полицейлері жазадан құтылуға тырысқан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
11 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін Өскемен қалалық сотынан жасырынып жүрген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді.
2019 жылы қаңтар айының ортасында, қаскөй, көліктен құрал-саймандар және монтаж көбігі бар қорапты ұрлап, 180 000 теңге шамасында залал келтіргені анықталды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Аягөз ауданының криминалдық полициясымен бірлесіп, 2017 жылдың қыркүйек айында республиканың оңтүстік астанасында скутер ұрлағаны үшін аудандық сотпен 5 жыл іздестіріліп жатқан Аягөз қаласының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.
Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Комментарии (0)