Желтоқсан айы қандай болады?
05.12.2020 | 11.30
0
381
Синоптиктердің болжамы бойынша, желтосан айында Шығыс Қазақстан облысының аумағында суықтың екі толқыны күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айдың алғашқы онкүндігінің басында және соңында қар жауып, жел күшейеді, боран соғады. Ауа температурасы бұл кездері түнде -23.. -28°С, күндіз -12..-20°С көрсетеді. Онкүндіктің соңында ауа райы біршама жылынады: түнде -13..-23°С, күндіз -5..-13°С дейін.
Айдың ортасында күн қайта суытады. Сынап бағаны түнде -22..-30°С, күндіз -10..-18°С дейін төмендейді.
Желтоқсанның соңына қарай аяздың беті қайтады деп болжануда.
Сондай-ақ, осы айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп болуы ықтимал.
Комментарии (0)