– Мен жекеменшік үй салу үшін алған жер телімін енді пайдалануға мүмкіндігім болмағандықтан қалалық әкімдікке қайтарып бере аламын ба? Себебі мен оны пайдаланбаған, яғни үй салмаған жағдайда жыл сайын жер салығын төлеп тұруым керек екен. Оның өзі қыруар қаржы. Зейнеткер болғандықтан оған да шамам келмейді. Ал жерді қайтарып берген жағдайда маған осыған дейін оны рәсімдеуге жіберген қаржым қайтарыла ма?
Серік Құнапиянов
Өскемен.
Сұраққа Өскемен қалалық әкімшілігі жер қатынастары бөлімінің маманы жауап береді:
– Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері екі жылға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығында беріледі. Жалдау құқығына қатысты мәмілелер (сатып алу – сату, сыйға тарту, айырбастау) жасасуға болмайды.
Жер телімінен бас тарту ниеті болған жағдайда оны пайдаланушы жер телімі орналасқан орын бо-йынша әкімдікке нотариалды расталған жазбаша өтініш береді. Осы өтініш негізінде жер телімін жалдау шарты бұзылады, одан кейін жер телімін беру туралы әкімдіктің қаулысы жойылады.
Жер телімін қайтару үшін жұмсалған ақшаны қайтару жөнінде. Мемлекеттік билік органдары бұл мәселені шешуге құзыретті емес екенін хабарлаймын. Себебі, бұл ақша бюджетке төленген жоқ. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жер телімдеріне құжаттар рәсімдеу үшін төлем, жасалған шартқа сай жерге орналастыру жұмыстарын орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғаларға төленеді. Сондықтан қаржыңызды қайтарып алу мәселесін заңгерлерден ақыл-кеңес алу арқылы нақтылай аласыз.
Комментарии (0)