Жол ақысын мобильді теңгерімнен төлеуге болады – Өскемен
09.12.2021 | 14.49
0
35
Өскеменде 552 автобус пен 28 трамвайда электронды билеттендіру жүйесі қосулы тұр. Бұл туралы облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина мәлімдеді.
Сондай-ақ №1, 3, 4 бағыттағы трамвайларда және №32, 25, 43а автобустарда жол ақысын мобильді теңгерімнен төлеу сервисі бар.
– Мәселен осы уақытқа дейін «Мой Beeline» қосымшасының көмегімен 1 555 рет төлем жасалды, – деді облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина.
Комментарии (0)