Нью-Йорктегі «Уайнд-ап рекордс» дыбыс жазу компания-сының бұрынғы басшысы және покер ойынының асқан құмары, 67 жастағы Алан Мелтцер өзінің автомобиль жүргізушісі мен швейцарына 1,5 миллион доллар көлемінде мұра қалдырыпты.
– Мен бұл ақшаны әзірге түпкілікті қайда жұмсайтынымды шеше қойған жоқпын. Дегенмен, бір нәрсе айқын, Жыл сайын Аланның зиратының басына гүл апарып қойып тұрамын. Ол – керемет жігіт болатын. Үнемі көңілді жүруші еді. Мен бүгін байлыққа кенелгенмен, онша қуанышты емеспін. Өйткені, бізбен бірге Алан жоқ. Сол менің көңілімді құлазытады, – деп атап көрсетті 54 жасында кенеттен миллионер атанған шофер Жан Лаборд.
Оған Мелтцер 1 миллион доллар – өзінің бар байлығының 10 пайызын мұраға қалдырған. Ал – 500 мың долларды магнат үйіндегі швейцар Манхэттен Шамилю Демираждің атына жаздырып қойыпты.
Комментарии (0)