Жүз жастағы әже 37 немере, 49 шөбере сүйіп отыр

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жүз жастағы әже 37 немере, 49 шөбере сүйіп отыр

0

51


Күршім ауылының тұрғыны Ғайныкеш Әжікенова әжей жақында 100 жасқа толды.

Ғайныкеш әжей 1914 жылдың қақаған қаңтарында Зайсан көлінің жағасынан орын тепкен, кейінірек су астында қалған Ойран дейтін шағын балықшы ауылында дүние есігін ашқан екен. Әкесі Тәппай мен шешесі Ғазиза қарапайым шаруа адамдары болған. Екеуі 4 ұл, 2 қыз сүйеді, өкінішке қарай, қиын кезеңдегі жұқпалы аурулардың салдарынан 4 ұл тегіс шетінеп, сәби шақтарында опат болыпты. Ал соңынан ерген жалғыз сіңлісі Гүлзағипа өткен жазда 77 жасында қайтыс болды.

– Бізде сендер айтып жүргендей бақытты балалық шақ деген болған жоқ, шырағым, – дейді Ғайныкеш әжей кенеттен тұнжырай қалып. – Ес біле сала тіршіліктің тауқыметіне бел шеше араласып кеттік. Балық ауладық, тары ектік, бау байладық, әйтеуір, қорек тауып жеудің қамымен ыңғайы келген жұмыстың бәрін істедік. Бертінірек, колхоз құрылған тұста да жетіліп кеткеніміз шамалы, күндіз-түні тыным көрмей, соның шаруасында болдық.

Тұрмысқа қалай шыққанын сұрағанымызда, әлі күнге дейін санасы сергек, қимылы ширақ әжейдің жүзінен қуақы күлкінің табы білінгендей болды. – Ой, сол тұрмысқа әрең шыққан жоқпын ба, – дейді әжеміз. – Кеңестің бойдақтарға салатын салығын да төледік қой, күйеуге шықпадыңдар деп салған. Қалаған уақытта шыға салатындай, жерде жатқан жігіт бар ма?

Тағдырдың жазуы сол кезде біраз жасқа келіп қалған Ғайныкешті мұғалім болып, бала оқытып жүрген Қинаят Әжікенұлы деген азаматқа жолықтырады. Қинаяттың әйелі қайтыс болып, үш жас баламен қиындық көріп жүрген шағы екен. Көңіліне жаққан жігіттің етегінен «тәуекел» деп ұстаған ширақ бойжеткен балаларды да сыртқа тепкен жоқ. Өз перзентінен кем көрмей, бағыпқағып жеткізді. Бүгінде екеуінен өрбіген он баланың тату-тәтті тірлік кешіп, қимас ағайын болып отырғаны сол қамқор әке мен мейірлі ананың оң тәрбиесінің жемісі болса керек.

– Шалым ұзақ жылдар ұстаздық етті, – деп еске алады әжей. – Отбасында бала көбейді, оларды жалғыз әкенің мардымсыз жалақысымен асырау қиынға түсе бастады. Сол себепті Қинаят совхозға кіріп, малшы болды. Сөйтіп, қой да бақтық, сиыр да жайдық, қысқарта айтқанда, бір кездегі Дарствен ауылында тұрып, XXII партсъезд атындағы совхоздың отымен кіріп, күлімен шықтық. Еңбегіміз жеміссіз болған жоқ, балалардың бәрін жеткіздік, оқытып, ел қатарына қостық. Шалым 1974 жылы 65 жасында дүниеден өтті.

Кеудесінде «Алтын алқа», «Тыл ардагері» төсбелгілері жарқыраған Ғайныкеш әжейді жақсы білмейтін жан жүз жаста деп пайымдамасы хақ. Өзі кіріп-шығып жүретін ол жаз айларында қаз-тауыққа жем шашып, малдың да бір жағына шығысқысы келетін сыңайлы.

– Ойпырай, шеше, отыра берсеңші жайыңа! – деп кейде реніш те білдіреміз, – дейді күйеу баласы Әділбай. – Бірақ, апамыз отыра алмайды, біздің көзімізді ала беріп, әдетіне қайта басады.

Бүгінде он баласынан 37 немере, 49 шөбере сүйіп отырған Ғайныкеш әжей кейкейде «іссапарға» шығып, Өскеменде, Риддерде, тіпті, сонау Жамбыл облысындағы Меркіде тұратын балаларына қыдырып барып қайтады екен.

– Кей шақта айлап жататын кезі де болады, – дейді қызы Ләззат. – Бірақ біраз жатқан соң, жұмысынан қалып бара жатқандай, қайтуға асығады екен. Әділбай екеуіміз шаңырақ көтергенде қолымызға келген еді, әлі күнге осында, біздің жанымызда болғысы келеді.

Қызығымен қатар тауқыметі де мол бір ғасыр ғұмырды артқа салса да, қажыпшаршамаған, осы мерейтойын ақыл-есі бүтін, қол-аяғы сау күйінде қарсы алып отырған көненің көзі, асылдың сынығы Ғайныкеш әжей қоштасарда бізге ақ батасын беріп, өмірімізге ақ жол тіледі. Аз уақыт әңгімелессек те, жылы пейілімен, ашық-жарқын мінезімен бәрімізді баурап алған ақ жаулықты анамен қимай қоштасқан біз де әжеміздің аман-сау болып, ұрпағының есепсіз қызығын әлі де ұзақұзақ көре беруіне шынайы тілектестік білдірдік.

Хасен Зәкәрия
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:10

ШҚО-да жыл басынан бері коронавирустан 60 адам қайтыс болды

Бүгін, 17:04

53 адам жансақтау бөлімінде жатыр - ШҚО

Бүгін, 16:11

«Бақытты отбасы» бойынша тұрғын үй сатып алуға сертификаттар беріле бастады - ШҚО

Бүгін, 15:30

Бүгін тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті

Бүгін, 15:00

ШҚО-да Құрбан айт намазы ашық аспан астында оқылды

Бүгін, 14:33

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Бүгін, 13:37

Qurban2021.kz сайты жұмыс істеп тұр

Бүгін, 13:26

ШҚО қан орталығы иммунды плазма әзірлеуді жаңартады

Бүгін, 12:24

Алаяқтар жалған вакцина паспортын қалай сатады?

Бүгін, 11:26

Өскеменде мотоцикл жүргізушісі әйел адамды қағып кетті

Бүгін, 10:17

"Халифа Алтай" мешіті еріктілерді іздейді - Өскемен

Бүгін, 09:43

Облыс әкімі шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін, 09:04

ШҚО-да 95 адам коронавирус жұқтырған

19.07.21, 17:16

ШҚО-да ауыл әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен кездесті

19.07.21, 16:15

Президент эпидемиолгиялық ахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды

19.07.21, 16:14

ШҚО-да тағы бір басқарманың басшысы ауысты

19.07.21, 15:27

ШҚО-да алдағы күндері аптап ыстық болуы мүмкін

19.07.21, 14:46

Дрон өрескел ереже бұзған жүргізушіні ұстап берді – ШҚО

19.07.21, 14:32

Семей қаласының бірқатар көшелерінде жарық өшіріледі

19.07.21, 12:07

Криштиану Роналду көптің көңілін күпті еткен жазба жариялады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:10

ШҚО-да жыл басынан бері коронавирустан 60 адам қайтыс болды

Бүгін, 17:04

53 адам жансақтау бөлімінде жатыр - ШҚО

Бүгін, 16:11

«Бақытты отбасы» бойынша тұрғын үй сатып алуға сертификаттар беріле бастады - ШҚО

Бүгін, 15:30

Бүгін тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті

Бүгін, 15:00

ШҚО-да Құрбан айт намазы ашық аспан астында оқылды

Бүгін, 14:33

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Бүгін, 13:37

Qurban2021.kz сайты жұмыс істеп тұр

Бүгін, 13:26

ШҚО қан орталығы иммунды плазма әзірлеуді жаңартады

Бүгін, 12:24

Алаяқтар жалған вакцина паспортын қалай сатады?

Бүгін, 11:26

Өскеменде мотоцикл жүргізушісі әйел адамды қағып кетті

Бүгін, 10:17

"Халифа Алтай" мешіті еріктілерді іздейді - Өскемен

Бүгін, 09:43

Облыс әкімі шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін, 09:04

ШҚО-да 95 адам коронавирус жұқтырған

19.07.21, 17:16

ШҚО-да ауыл әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен кездесті

19.07.21, 16:15

Президент эпидемиолгиялық ахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды

19.07.21, 16:14

ШҚО-да тағы бір басқарманың басшысы ауысты

19.07.21, 15:27

ШҚО-да алдағы күндері аптап ыстық болуы мүмкін

19.07.21, 14:46

Дрон өрескел ереже бұзған жүргізушіні ұстап берді – ШҚО

19.07.21, 14:32

Семей қаласының бірқатар көшелерінде жарық өшіріледі

19.07.21, 12:07

Криштиану Роналду көптің көңілін күпті еткен жазба жариялады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: